Екібастұз қалалық мәслихатының № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі  бойынша шығып қалған депутатының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары және тіркеу барысы туралы хабарлама (2025 жылғы 26 қазандағы сайлау)

Екібастұз қалалық мәслихатының № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі  бойынша шығып қалған депутатының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары және тіркеу барысы туралы хабарлама

(2025 жылғы 26 қазандағы сайлау)

 

2025 жылғы 25 қыркүйекте сағат 18.00-де Екібастұз қалалық мәслихатының № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі  бойынша шығып қалған депутатының орнына кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

Барлығы  3 кандидат ұсынылды, барлығы өзін-өзі ұсыну тәртібімен.

Орташа бәсекелестік 3 адамды құрайды.

Ұсынылған кандидаттар ішінде 3 ер адам.

1 кандидат партиялық емес, 2 - партияға қатыстылығы туралы ақпарат көрсетпеген.

Орташа жас 40 жасты құрайды.

3 кандидаттың  жоғары білімі бар, барлығы коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды.

Қазіргі уақытта мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына кандидаттарды тіркеу жалғасуда, ол 2025 жылғы 30 қыркүйекте сағат 18.00-де аяқталады.

 

 

Екібастұз қалалық аумақтық  сайлау комиссиясы

Дата публикации
25 сентября 2025