Жиі қойылатын сұрақтар
АМСК қызметтерін көрсететін медициналық ұйымға бекітуден бас тартудың бірнеше себептері бар:
- дәйексіз құжаттар ұсынылған;
- жүгінген адамның осы денсаулық сақтау объектісі орналасқан ауылдан, кенттен, қаладан және т.б. тыс жерде (тұрақты немесе уақытша) тұратыны анықталды. Ерекшеліктерді шекара маңындағы аумақтарда тұратын және басқа әкімшілік-аумақтық бірлікте емхана таңдауға құқығы бар адамдар құрайды;
- Емханада барлық учаскелерде тіркелген халықтың барынша рұқсат етілген саны артқан.
Егер жоғарыда аталған жағдайлардың ешқайсысы сізге қатысты болмаса, мән-жайларды анықтау үшін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгініңіз. Мұны сізге ыңғайлы байланыс арналарының бірі - 1406 байланыс орталығы, МӘМСҚ ресми сайты («Сұрау жіберу» бөлімі), @ SaqtandyryBot Telegram, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы жасауға болады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (МӘМС) сақтандырылған адам мәртебесін бірнеше тәсілмен тексеруге болады:
1. Медициналық сақтандыру қорының сайты арқылы:
fms.kz өтіңіз
Тиісті өріске ЖСН енгізіңіз
Сіздің мәртебеңіз туралы ақпарат алыңыз
2. eGov.kz арқылы:
Порталға кіріңіз eGov.kz
«Денсаулық сақтау» бөлімінде «МӘМС мәртебесін тексеру» қызметін таңдаңыз
ЖСН енгізіңіз және жауап алыңыз
3. Мобильді қосымшалар арқылы:
Telegram-бот @Saqtandyrýbot
Банктердің қосымшалары (Kaspi.kz, Halyk Homebank) - «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде
4. Телефон арқылы:
1414 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалыңыз (тегін)
Немесе медициналық сақтандыру қорының колл-орталығына: 1406
Қазақстанда медициналық көмек екі жүйе шеңберінде көрсетіледі:
1. ТМККБК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) - барлық азаматтарға қолжетімді және шұғыл көмек пен әлеуметтік маңызды ауруларды емдеуді қамтиды.
2. МӘМС (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) - тек сақтандырылған тұлғаларға ғана қолжетімді және медициналық қызметтердің кеңейтілген тізімін қамтиды.
ТМККБМ қандай медициналық қызметтер кіреді?
Жедел және кезек күттірмейтін көмек
Диагностика және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу (туберкулез, онкология, психикалық бұзылулар, АИТВ/ЖИТС және т.б.)
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) - учаскелік терапевт, педиатр, акушер-гинекологтың қабылдауы
Ұлттық күнтізбе бойынша вакцинациялау
Жүкті әйелдерді босандыру және медициналық бақылау
Шұғыл жағдайларда емдеуге жатқызу
Созылмалы науқастарды диспансерлік бақылау
ТМККБМ қол жетімді талдаулар:
Қанның және несептің жалпы талдауы
АИТВ және мерезге талдаулар
Туберкулезге жағынды
Қант пен холестеринге талдаулар
Қанның биохимиялық талдауы (шектеулі тізбе)
Флюорография (жылына 1 рет)
МӘМС-ке қандай медициналық қызметтер кіреді?
Тар шеңберлі мамандарды қабылдау (кардиолог, эндокринолог, невролог, отоларинголог, офтальмолог және т.б.)
Кеңейтілген зертханалық диагностика
МРТ, КТ, УДЗ, ЭКГ (дәрігердің жолдамасы бойынша)
ТМККБК кірмейтін ауруларды емдеу
Оңалту және қалпына келтіру емі
18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге арналған стоматология
Профилактикалық тексерулер мен скринингтер
Амбулаториялық емдеу кезіндегі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету (тізбе бойынша)
МӘМС-те қол жетімді талдаулар:
Қанның биохимиялық талдауы (кеңейтілген)
Гормондарға талдау
Онкомаркерлерді талдау
ПТР (полимеразды тізбекті реакция)-диагностика (көрсеткіштер бойынша)
Аллергендерге талдаулар
Қанның және зәрдің толық талдауы
Жасырын инфекцияларға талдаулар
Маңызды! МӘМС қызметін пайдалану үшін сақтандырылған болу керек. Мәртебені сайтынан тексеруге болады fms.kz.
Қаңғыбас иттерді ұстау мәселесі бойынша «Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК-на жүгінуге болады. Мекенжайы: Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 22. Сондай-ақ, қалалар мен аудандардағы бөлімдер мен ветеринариялық пункттерге хабарласуға болады.
Өтініштерді қабылдау телефоны: (87182) 57-72-07. Қаңғыбас иттердің жиналу орындары туралы фото мен видео материалдарды WhatsApp арқылы 8 708 277 31 19 нөміріне жолдауға болады.
Бұдан бөлек, 109 бірыңғай қызметіне хабарласуға болады.
Егер жануарлар (иттер) адамға, басқа жануарларға шабуыл жасаса немесе олардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қауіп төндіретін жағдайлар орын алса, бұл туралы 102 нөмірі арқылы полиция департаментіне хабарлау қажет. Полиция қызметкерлері аталған жағдай бойынша тиісті шараларды қабылдап, ұстау қызметімен бірлесіп әрекет етеді.
Құрметті азаматтардың мерейтойлық күндеріне орай ескерткіш тақта орнату үшін сізге «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elisence.kz веб-порталдары арқылы өтініш пен құжаттарды тапсыру қажет немесе «Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ-не Павлодар қ., Академик Марғұлан к-сі, 115 мекенжайы бойынша келесі құжаттарды ұсынумен хабарласуға болады:
1. Өтініш;
2. Біртуар тұлғаның еңбегін және айтулы оқиғаның маңыздылығын растайтын мұрағаттық және өзге де құжаттардың көшірмелері;
3. Ескерткіш тақтаның эскизі 50-80 см;
4. Қасбеттерінде мемориалдық тақта орнату болжанатын ғимараттың немесе құрылыстың меншік иесінің немесе өзге де заңды иесінің жазбаша келісімі.
Гигиеналық құралдарды алу үшін баланың заңды өкілі өтініш беру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) немесе тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне не «egov.kz» веб-порталы арқылы жүгінуі қажет.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің оң шешімінен кейін екі ай ішінде әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушіні таңдауды жүзеге асыру қажет болады.
Жеткізушіні таңдау үшін өтініш беруші http://aleumet.egov.kz порталында электрондық цифрлық қолтаңба арқылы авторизациялануы қажет, қаражатқа тапсырыс дербес жүргізіледі.
Интернет-ресурсқа қолжетімділік болмаған жағдайда, тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өзіне-өзі қызмет көрсету секторына жүгіну қажет.
Мүгедектігі бар адамдар өтініш берілген күннен бастап бір жылға гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіледі: жөргектер - 1460 дана, сіңіргіш парақтар (жаялықтар) 365 дана және жеке абилитация және оңалту бағдарламасына (бұдан әрі – ЖАОБ) сәйкес басқа да құралдар.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 73-бабына сәйкес тұрғын үйді алуға кезектен мынадай жағдайларда алып тастай алады:
- тұрғын үйді ұсыну негізі жойылды;
- сіз басқа елді мекенге тұрғылықты жерге көшуді немесе мемлекеттік кәсіпорыннан немесе мемлекеттік мекемеден жұмыстан шығуға шешім қабылдасаңыз;
- тұрғын үй қажеттілігі туралы ұсынылған ақпарат құжаттарды тапсыруда шындыққа жанаспайтын болып табылса;
- сіз жер учаскесін алдыңыз және өз тұрғын үйіңіздің құрылысын немесе тұрғын үйді сатып алуды аяқтадыңыз.
- сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй алу.
Жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ тұрғын үйге мұқтаж және тұрғын үйді алуға дейін есепке қойылған толық емес отбасылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға жататын Қазақстан Республикасы азаматтары кезектен алына алмайды.
Кезектен алу туралы сізді есептен алу негіздерін көрсетумен шешім қабылданғаннан кейін 10-күндік мерзім ішінде жазбаша түрде міндетті түрде хабардар етуі тиіс.
ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заң пәтер иесі мен кондоминиум объектісін басқару органы арасындағы жауапкершілік шекарасын нақты анықтайды.
Үйге ортақ инженерлік желілерді тиісті техникалық жағдайда ұстағаны үшін кондоминиум объектісін басқару органы жауапты болуға тиіс.
Осыған байланысты Сіз өзіңіздің пәтеріңіздегі төтенше жағдай туралы қызмет көрсететін ұйымдарға өтініш беруіңіз керек.
Қызмет көрсететін ұйым міндеттемелерді орындаудан бас тартқан жағдайда, Сіздің Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 8-бабына сәйкес сотқа жүгінуге құқығыңыз бар, тұрғын үй құқық бұзушылықтарынан туындайтын дауларды сот шешеді.
Сонымен қатар, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау және оны қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізуді қоса алғанда, шаралар қабылдауға міндетті.
Пәтерді қайта құрудың заңдылығы туралы Сізге жазбаша түрде «Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ-не объектіні зерттеуді және құжаттаманы тексеруді одан әрі ұйымдастыру үшін «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы өтініш жіберу қажет.
Тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау анықталған кезде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары шешімдер қабылдайды (нұсқама береді):
1) тапсырыс берушінің жол берілген бұзушылықтарды белгіленген мерзімдерде жоюы туралы;
2) құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру туралы.
Бұдан әрі, тұрғын үй құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар болған кезде мәселелерді сот шешеді.
Жалға берілетін тұрғын үймен байланысты ақауларды, проблемалар мен кемшіліктерді жою үшін орналасқан жері бойынша әкімдікке жүгіну, жазбаша өтініш қалдыру немесе өтінішті «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы өз бетінше жіберу қажет.
Сіздің өтінішіңізден кейін уәкілетті орган шығуды, тексеруді ұйымдастырады және пәтерді тексеру туралы ақаулы акт жасайды.
Бұдан әрі жергілікті атқарушы орган сметалық есеп әзірлейді.
Бюджет қаражаты болған кезде пәтерді жөндеуге мердігерді анықтау үшін конкурс жарияланады.
Ақша қаражаты болмаған кезде бюджетте қаражатты көздеу үшін бюджеттік өтінім жіберіледі.
Егер сіз мердігерлік шарт бойынша кепілдік міндеттемелері аяқталмаған мердігерлік ұйымдар салған үйде/пәтерде тұратын болсаңыз, уәкілетті орган сіздің өтінішіңіздің негізінде мердігерге барлық ақауларды жою туралы хат жібереді.