Жиі қойылатын сұрақтар
Екінші топтағы мүгедектік болған жағдайда, Сіз тұрғын үйді өтеуіз жекешелендіруге құқығыңыз бар.
Жекешелендіру үшін сізге «Е – Qazyna» сайтында электрондық-цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен электрондық түрде өтінім беру қажет.
Сіз «Е – Qazyna» сайтында жеке тұлға ретінде тіркелу керек, «Shanyraq» бөлімін таңдап, жеке кабинетке электрондық-цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен кіріп, мәліметтерді толтыруыңыз керек. Өтінімге келесі құжаттарды тіркеу қажет:
1) неке қию не некені бұзу туралы куәлік;
2) отбасының барлық кәмелетке толған мүшелеріне жеке куәлік, туу туралы куәлік (кәмелетке толмаған балалар үшін),
3) отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама (соңғы 5 жыл үшін);
4) мемлекеттік қордан тұрғын үйге құқық белгілейтін құжат (ордер, тұрғын үйді жалдау шарты);
5) коммуналдық қызметтер (жарық, су, жылу, ПИК қызметтері және ТҮКШ жаңғырту, қоқыс шығару және жалдау төлемі бойынша соңғы түбіртек) бойынша берешектің жоқ екендігі туралы анықтамалар
6) санатын растайтын құжат (жұмыс орнынан анықтама, зейнетақы куәлігі, Семей полигонының ядролық сынақтарынан зардап шеккен адамның куәлігі).
Соңында өтінімді сақтап және жалға алу шартында немесе ордерде көрсетілген отбасының әрбір кәмелетке толған мүшесінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) қол қою қажет.
Енді өтінім уәкілетті орган – «Ақсу қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарауына автоматты түрде өтеді. Сіздің өтінім Ақсу қаласы әкімдігінің тұрғын үй қалалық комиссиясымен (бұдан әрі – Комиссия) күнтізбелік 30 күн ішінде қаралады. Комиссиямен шешім қабылданғаннан кейін жекешелендіру туралы Шарт қалыптастырылатын болады.
Уәкілетті орган тарапынан жекешелендіру туралы шартқа қол қойылғаннан кейін Сізге «Е – Qazyna» сайтының «Shanyraq» бөліміне кіріп, электрондық-цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен қалыптастырылған шартқа қол қою қажет. Шарт тіркеуші орган - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалының Ақсу қаласының тіркеу және жер кадастры жөніндегі бөлімінде міндетті тіркеуге жатады.
2025 жылғы 23 мамырдан бастап мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін есепке қоюды «Отбасы Банкі» АҚ базасында құрылған «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» жүзеге асырады.
Сіз есепке қою мәртебесін ЖСН көмегімен https://orken.otbasybank.kz/ сайтында тексере аласыз.
Ол үшін Сізге сайтқа кіру қажет, ашылған терезеде Сіздің ЖСН-іңізді енгізу қажет болатын жол шығады.
Бұдан әрі - Тексеру, жүйе Сіз көрсеткен ЖСН бойынша ақпарат ұсынады. Егер Сіз ЖСН дұрыс көрсеткен жағдайда кезектілік, санат (болған жағдайда) және есепке қойған өңір туралы ақпарат шығады. Жүйе кезектің нөмірін шығармайды, өйткені мемлекеттік қолдау шаралары кезекке есепке қою күнін есепке алумен жүзеге асырылады.
Павлодар облысы аумағында мәдени-көпшілік іс-шаралар Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңына сәйкес өткізіледі.
Мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін жергілікті атқарушы органдармен (қала және аудан әкімдіктері) ұйымдастыру комитеттері құрылып, аталған іс-шараларды дайындау мен өткізуге тартылған мекемелердің жұмысын үйлестіреді.
Кезең-кезеңімен:
1. Форматы мен күні анықталады (өтетін орны: ғимарат ішінде немесе ашық ауада, қатысушылар мен көрермендердің саны; техникалық қажеттіліктер (сахна, дыбыс, қауіпсіздік және т.б.); мақсатты аудитория (балалар, жастар, жалпы халық және т.б.);
2. Іс-шара өтетін орын таңдалып, тексеріледі.
3. Бағдарлама мен жоспар жасалады, орындаушылардың, қызметкерлердің және күзет қызметінің тізімі құрастырылады, сондай-ақ медициналық пункт, дәретханалар мен төтенше жағдай қызметтерімен байланыс орнының орналасатын жері белгіленеді.
4. Міндетті түрде мемлекеттік органдармен келісу жүргізіледі. Рұқсат алу үшін жазбаша келісім қажет:
- Санитарлық қызметтен (санитарлық-эпидемиологиялық бақылау) - қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай болуы үшін;
- Өртке қарсы қызметтен - нысанның өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі үшін;
- Полиция департаментінен - қоғамдық тәртіп пен күзетті қамтамасыз ету үшін;
- Нысан иесінен - егер іс-шара жеке немесе жалға алынған жерде өтетін болса;
- Қажет болған жағдайда - жедел жәрдем қызметі мен қоршаған ортаны қорғау қызметінен (табиғат аясында өтетін іс-шаралар үшін).
5. Жергілікті органға (әкімдік / мәдениет басқармасына) хабарлама жолданады. Хабарлама алынғаннан кейін орган оны қарап, полицияға хабарлайды (әдетте 3 жұмыс күні ішінде).
6. Репетиция кезінде барлық ұйымдастыру жұмыстары тексеріледі.
7. Іс-шараны өткізу:
Ұйымдастырушы келісілген шарттарды - уақыты, орны, қатысушылар саны бойынша - қатаң сақтауға міндетті. Іс-шара өтетін күні полиция және басқа да қызмет өкілдері бақылау үшін қатыса алады. Қандай да бір бұзушылық орын алған жағдайда жауапкершілік ұйымдастырушыға жүктеледі.
Ұйымдастырушылар іс-шара бағдарламасына мыналарды қосуға құқылы емес:
- зорлық-зомбылықты насихаттау;
- кемсітушілік, ұлтаралық немесе діни алауыздықты қоздыру;
- мемлекеттік құрылым мен қауіпсіздікке қатер төндіретін материалдар;
- қатыгездік, адам абыройын таптайтын көріністер;
- қоғам талабына сай келмейтін, адамгершілікке жат немесе ашық шошытатын мазмұн.
Барлық іс-шаралар Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ мораль, этика және мәдени құрмет принциптеріне сай болуы тиіс.
Көше (қаладағы, аудандағы, ауылдағы) атауын өзгерту үшін аудан/қала әкімдіктері жанындағы тіл саясаты жөніндегі жауапты бөлімге немесе Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына (Павлодар қ. Ак.Марғұлан көшесі,115) жүгіну қажет.
Қажетті құжаттар:
- көшеге аты берілетін тұлғаның еңбек жолы мен жетістіктері көрсетілген өмірбаяны;
- жетістіктерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
- мұрағаттық құжаттардың көшірмелері.
Келіп түскен өтініш негізінде халықтың пікірін ескеру үшін азаматтардың көпшілік тыңдаулары/жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізіледі.
Егер қала көшесінің атауы өзггертетін болса-көпшілік тыңдауды қалалық мәслихат өткізеді.
Ауылдың немесе ауыл көшесінің атауын өзгерту мәселесі бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысын жергілікті атқарушы органдар ауылдардың, ауылдық округтердің, кенттердің әкімдерімен бірлесіп өткізеді.
Көпшшілік тыңдаулар мен жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізу туралы хабарландыру күнтізбелік 30 күн бұрын жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда жарияланады.
Хабарландыруда көпшілік тыңдаулардың/жергілікті қоғамдастық жиналысының өтетін орны мен уақыты көрсетіледі. Кез келген адам осы жиналысқа қатысып, өз пікірін білдіре алады.
Көпшілік тыңдаулар/жергілікті қоғамдастық жиналыстар өткізілгеннен кейін, оның хаттамасы 7 жұмыс күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда жарияланады.
Бұдан әрі қайта атау объектісінің құжаттары тиісті ономастика комиссияның қарауына жіберіледі.
Ономастика комиссияның оң қорытындысы болған кезде объектіні қайта атау туралы Нормативтік құқықтық акт шығарылады.
Архивтік анықтаманы беру мемлекеттік көрестілетін қызмет болып табылады.
Архивтік анықтаманы алу үшін тиісті архивке өтініш беру арқылы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына, не «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүгіну қажет(ЭЦҚ көмегімен).
Сұрауда толық мекеме атауын, еңбек ету мерзімін және лауазымын көрсету қажет.
Архивтік анықтама 11 (он бір) жұмыс күні ішінде тегін беріледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін екі және одан да көп ұйымдардың және (немесе) 5 (бес) жылдан астам кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайда, жауапты орындаушы қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінің 25 (жиырма бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылғандығы туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
- әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәліметтерді растау жөніндегі архивтік анықтама, архивтік құжаттың көшірмесі немесе архивтік үзінді,
- көрсетілетін қызметті берушіде сұратылған құжаттардың (мәліметтердің) мемлекеттік сақтауда жоқтығы, сұрау салуды тиесілігі бойынша басқа мемлекеттік немесе ведомстволық архивке жіберу туралы жауаптар не қағаз/электрондық түрдегі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Архивте сұратылған (еңбек өтілін растау үшін) мәліметтер болмаған жағдайда өтініш беруші сотқа жүгіне алады.
Жоғары технологиялық медициналық көмек алу кезінде жолақыны өтеу жоғары технологиялық медициналық көмекті ұйымдастыру бойынша комиссия шешімінің негізінде жүргізіледі.
Ол үшін, Павлодар қ., Астана көшесі, 59 мекенжайы бойынша орналасқан Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасына келесі құжаттармен жүгіну қажет:
- ауруханаға жатқызу бюро порталы арқылы емделуге жолдама;
- Астана, Алматы және т.б. қалалардың емханаларынан шыққан эпикриз (көшірме);
- баланың туу туралы куәлігі (көшірме);
- жол жүру қажеттілігі туралы ДКК хаттамасынан үзінді көшірме;
- жеке куәлік;
- Халық банкі немесе Қазпошта филиалдарында 20 таңбалы шот туралы хабарлама;
- билеттер мен отырғызу талондары.
Қаражат ұсынылған шотқа екі айдың ішінде есептеледі.
Өтініш беруші ақпаратты келесі телефондар бойынша алады: 32-00-52, 32-00-45.
Шетелде емделуге жіберілетін аурулар тізбесі:
1. Ми тіндерінің хирургиялық қолжетімсіз аймақтарында орналасқан артериовеноздық мальформациялар мен ісіктер.
2. Ми бағанының, жұлынның артериовеноздық мальформациялары және эндоваскулярлық емді қажет ететін артериялық аневризмалар.
3. Бас негізі ісіктері (трансоральды жолмен алып тастау қажет болғанда).
4. Көздің қатерлі ісіктері (гамма-пышақ немесе радиоактивті аппликаторлармен радиохирургиялық ем).
5. Кератопротездеу.
6. Ересектер мен балалардың гемопоэздік дің жасушаларын аутологиялық және туыстық транспланттауды қоспағанда, тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттауды талап ететін аурулар, Қазақстан Республикасында талап етілетін технологиялардың болмауына байланысты емдеудің осы әдістемесі орындалмайтын аурулардан басқа, сондай-ақ мөлдір қабықты транспланттау.
7. Көмейдің стеноздары.
8. Трахеяның стеноздары.
9. Lu (лютеций) 177 изотопымен радионуклидтік терапиямен нейроэндокриндік ісіктер.
Сондай ақ мемлекет есебінен шетелге емделуге Қазақстан Республикасы азаматтарының мынадай жекелеген санаттары жіберіледі:
1. Қазақстан Республикасында жүргізілмейтін жоғары технологиялық медициналық көмекке айғақтар болған кезде 18 жасқа дейінгі балалар.
2. Ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасында жүргізілмейтін жоғары технологиялық медициналық көмекке айғақтар болған кезде қызметтік міндеттерін атқару кезінде ауыр жарақат алған және мертіккен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қызметшілері.
Қазақстан Республикасында 1 жасқа дейінгі сәбилердің ата-аналары белгілі бір медициналық көрсеткіштер болған жағдайда тегін балалар тағамын (бейімделген сүт қоспаларын) ала алады.
1) Медициналық көрсеткіштер:
- Бала жасанды немесе аралас тамақтандыруда;
- Анада бала емізуге қарсы көрсетілімдері бар аурулар:
- ВИЧ-инфекция, туберкулездің белсенді түрі;
- Емшек сүтімен үйлеспейтін дәрілерді қабылдау (цитостатиктер, радиоактивті, психотроптық препараттар және т.б.);
- Ауыр психикалық немесе соматикалық аурулар (жүрек ақауы, онкологиялық аурулар, бүйрек жеткіліксіздігі және т.б.).
2) Баланың туа біткен аурулары:
- лактоза жеткіліксіздігі,
- галактоземия,
- фенилкетонурия,
- «қайың шырын ауруы» (кленовый сироп ауруы).
3) Әлеуметтік көрсеткіштер:
- Баланы асырап алу;
- Көп ұрықты жүктілік нәтижесінде туған балалар;
- Анасы күндізгі бөлімде оқиды;
- Анасы ұзақ мерзімді стационарлық емдеуде.
Қайда жүгіну керек: Баланың тіркелген емханасына. Емханада дәрігерлік комиссия құрылады және тағам тағайындау туралы шешім қабылдайды.
Қажетті құжаттар:
- Анасының (немесе заңды өкілінің) жеке куәлігі;
- Баланың туу туралы куәлігі;
- Медициналық карта (112/у);
- Педиатр мен қажет болған жағдайда мамандардың қорытындысы.
Қайда беріледі: Сүт қоспалары емханада, арнайы кабинет арқылы, бекітілген кесте бойынша беріледі.
Үйде қызмет көрсетуге көрсетілімдер болып шұғыл медициналық көмектің төртінші санатын қоспағанда, алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) ұйымына жүгінген, денсаулық жағдайына және ауру сипатына байланысты АМСК ұйымына өз бетінше келе алмайтын тұлғалар табылады.
Учаскелік медбике немесе фельдшердің үйге баруына көрсетілімдер:
1. шақыру кезінде дене қызуы 38°С-қа дейін;
2. артериялық қысымның жоғарылауы, бірақ жалпы жағдайының бұзылмауы;
3. есін жоғалтусыз, қан кету белгілерінсіз, кенеттен жағдайының күрт нашарлауынсыз медициналық көмек пен кеңес алуды талап ететін жағдайлар, аурулар, жарақаттар.
Учaскелік дәрігердің үйге баруына көрсетілімдер:
1. АМСК тіркеу орнына шақыру түскен кезде немесе шақыруға барған учаскелік медбике не фельдшер тарапынан дәрігерлік қарау қажет деп бағаланған жағдайлар;
2. вакцинациядан кейін жағдайының нашарлауы.
Үйде қызмет көрсетуге жататын санаттар:
5 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер және босанған әйелдер – денсаулығының кез келген нашарлауында. 65 жастан асқан адамдар – қозғалу мүмкіндігі шектеулі болған жағдайда.
Жедел медициналық көмек шақырулары 4 шұғылдық санатына бөлінеді:
1) 1-ші шұғылдық санаты – науқастың өміріне тікелей қауіп төндіретін жағдай, шұғыл медициналық көмекті қажет етеді;
2) 2-ші шұғылдық санаты – медициналық көмек көрсетілмесе, өміріне әлеуетті қауіп төнуі мүмкін жағдай;
3) 3-ші шұғылдық санаты – медициналық көмек көрсетілмесе, денсаулығына әлеуетті қауіп төнуі мүмкін жағдай;
4) 4-ші шұғылдық санаты – науқастың жедел ауруы немесе созылмалы ауруының асқынуы нәтижесінде пайда болған жағдай, бірақ кенеттен және айқын ағза мен жүйе қызметінің бұзылуынсыз, өмірі мен денсаулығына тікелей және әлеуетті қауіп төндірмейтін жағдай.
Фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадалардың шақыру түскен сәттен бастап науқас орнына жету уақыты:
1-ші санат – 10 минутқа дейін;
2-ші санат – 15 минутқа дейін;
3-ші санат – 30 минутқа дейін;
4-ші санат – 60 минутқа дейін.
4-ші шұғылдық санатындағы шақырулар МСАК ұйымының құрамындағы жедел медициналық жәрдем станциялары (ЖМКС) бөлімшесінің деңгейінде фельдшерлік бригадалармен қамтамасыз етіледі.
Тіркелген халық саны 20 мың адамнан аз болатын алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек (АМСК) ұйымдарында 4-ші шұғылдық санатындағы шақыруларды орындау қызметін медициналық көмек көрсетуге лицензиясы бар медициналық ұйымдарға немесе денсаулық сақтау субъектілеріне аутсорсингке беру қарастырылады.