Бобровка ауылдық округінің әкімшілік орталығы.Ауылдық округтің құрамына Жасқайрат ауылы да кіреді.2017 жылы ауылдың құрамына таратылған Боброво ауылының аумағы кірді.Бұрын ауылдық округ аумағында Амангелді (Кавказ) ауылы болған.Бұрынғы атауы-Алтыншы ауыл.
Павлодар облыстық атқару комитетінің 1954 жылғы 23 маусымдағы №291/16 шешімімен Максимо-Горьков ауданының алтыншы Бобровка ауылдық кеңесінің ауылы Жаңабет болып өзгертілді.
1954 жылы ауылдың жанынан "Бобровка" сүт совхозы құрылды. .