Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Азаматтарды қабылдау орталығы
өз қызметін орталық мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылы үшін орталықтандырылған алаң ретінде жүзеге асырады.
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1420 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі №319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекке тұру керек, ол үшін Мемлекеттік корпорацияға (ХҚКО) келесі құжаттар тізбесімен жүгіну қажет:
Белгіленген нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін тексеруге келісімін көрсете отырып, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою туралы өтініш;
Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
Некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктердің түпнұсқасы жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжатты, сондай-ақ, соңғы 12 айдағы отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы туралы мәліметтерді (мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларды қосқанда) қосымша ұсынады.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезектілік пен белгіленген талаптарға сәйкес беріледі.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.
Атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселесі бойынша тұрақты тұратын жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басты куәландыратын құжатпен жүгіну немесе «электрондық үкіметтің»E-gov веб-порталы арқылы жүгіну қажет.
Жүгінген кезде сізге толық консультация беріледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тағайындау (бас тарту) туралы мәселе қаралатын болады.
Заңнамаға сәйкес электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету «электрондық үкімет»веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мәселен, көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» порталы арқылы орналасқан жеріне (жұмыста, үйде және т. Б.) қарамастан Интернет желісіне қолжетімділік болған кезде www.egov.kz Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш беруді жүзеге асыра алады. Бұл ретте мемлекеттік қызметті электрондық нысанда көрсетудің нәтижесі электрондық құжатты немесе қағаз жеткізгіштегі құжатты беру болып табылады.
Қызметті онлайн алу үшін («электрондық лицензиялау» порталында WWWe.license.kz) авторлану және «онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту, өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою қажет, берілген өтініштің мәртебесін Менің өтінішім бөліміндегі Жеке кабинетте бақылауға болады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге:
- Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш;
- Жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде оның кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі, қажет болған жағдайда жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеу, Кодекстің 9-бабының 5-тармағына сәйкес кадастрлық (бағалау) құн арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеу.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні;
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық.
15 қыркүйектен бастап Павлодар облысында мал азығына берілетін субсидия қарастырылып, өтінімдер берілуде. 1 бас қара мал азығына 15 мың теңгеден, 1 бас қой азығына 5 мың теңгеден.
Өтінімді Kazagro.kz сайты арқылы беріледі.