Жиі қойылатын сұрақтар
Мұның екі жолы бар:"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы құжаттардың толық пакетін ұсынуы қажет;"Электрондық үкімет" порталы арқылы қажет құжаттарды тіркеп, электронды цифрлық қолтаңба қою қажет. Тұрғын үйге кезекке тұру үшін қандай құжаттар қажет?есепке қою туралы өтініш;жеке басын куәландыратын құжат;халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтары (жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және мүгедек балаларды қоспағанда) ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерін растайтын жиынтық табысты есептеу бойынша анықтаманы ұсынады. Сәйкесінше, отбасының бір мүшесіне шаққандағы табыс көзі 96 668 теңгеден аспауы тиіс (анықтаманы ХҚКО береді);неке қию/бұзу, жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәлігі;"Тұрғын үй қатынастары туралы" заңның 67-бабында айқындалған санатқа өтініш берушінің қатынасын растайтын құжаттар:толық емес отбасылар некені бұзу туралы/жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы/әке болуды анықтау туралы куәлік/ № 4 нысан (көшірмесі);көпбалалы отбасылар көпбалалы ананың кітапшасының көшірмесін ұсынады;жетім балалар ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік/сот шешімі/қорғаншылық туралы құжаттар/балалар үйінен анықтама (көшірмесі);1 және 2 топтағы мүгедектер және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар мүгедектігі туралы анықтама (көшірмесі);мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орнынан анықтама ұсынады;жасына байланысты зейнетке шыққандар зейнетақы кітапшасының көшірмесін ұсынады;оралмандар оралман куәлігін ұсынады (көшірмесі);кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар ауру туралы медициналық қорытынды ұсынады (көшірмесі);экологиялық зілзала салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар тұрғын үйді техникалық тексеру жөніндегі қорытындысының көшірмесін ұсынады;жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтар тұрғын үйді апаттық деп тану туралы қорытынды ұсынады.
Егер сіз тұрғын үйге кезек санатының біріне жатсаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға құқығыңыз бар. Құжаттарды egov.kz порталында немесе тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ (ХҚКО) бөлімшесінде онлайн тапсыруға болады. Құжаттарды қарау қызметі тегін. Ол үшін egov.kz порталында беттің оң жақ бұрышындағы кіру түймешігін басып, куәлікті таңдау қажет. ЭЦҚ қолтаңбасын таңдап, Ашу түймешігін басып, құпия сөзді енгізіңіз. Жылжымайтын мүлік бөліміне кіріңіз және мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы бойынша бөлімшені таңдаңыз. Ашылған бетте онлайн сұрау түймешігін басыңыз және бірінші қадамда кезекке қоюды белгілеңіз. Екінші қадамда тиісті санатты таңдап, ұялы телефон нөмірін, электрондық поштаны, отбасы мүшелерінің ЖСН-ін енгізіп, Деректерді толтыруды аяқтау түймешігін басыңыз. Үшінші қадамды таңдап, құпия сөзді енгіземіз. Осы қадамдардан кейін экранда «Сіз тұрғын үйге кезекке қою үшін өтініш бердіңіз, жолданған өтініш 30 күн ішінде қаралады» хабарлама көрсетіледі. Осылайша, Сіз тұрғын үйге кезекке тұруға өтінім жібересіз. Ақпарат сіз үшін пайдалы болды деп үміттенеміз.
ШОБ-ты қолдаудың негізгі мемлекеттік бағдарламалары:
- Бизнестің жол картасы - 2025 (БЖК-2025)
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы іске асырылатын негізгі бағдарлама. Негізгі құралдар:
Кредиттер мен микрокредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау.
Жеткілікті кепілі жоқ кәсіпкерлер үшін кредит сомасының бір бөлігіне кепілдік беру.
Әлеуметтік кәсіпкерлік үшін 5 млн теңгеге дейінгі гранттарды қоса алғанда, бизнесті дамытуға арналған гранттар.
Ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерге арналған оқыту бағдарламалары мен консультациялар.
Бағдарлама экономиканың басым салаларын қолдауға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған.
- ШОБ-ты қолдау мен дамытудың бірыңғай кешенді бағдарламасы
2024 жылы өндірістік және экспорттық әлеуметі жоғары кәсіпкерлер үшін іске қосылды. Мыналарды көздейді:
Жеңілдетілген кредит беру.
Салық жүктемесін төмендету.
Салық нысандары мен төлемдер санын қысқарту.
Бағдарламаның мақсаты - өндiрiстiк сектор мен экспортқа бағдарланған кәсiпорындардың дамуын ынталандыру.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.
Атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселесі бойынша тұрақты тұратын жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басты куәландыратын құжатпен жүгіну немесе «электрондық үкіметтің»E-gov веб-порталы арқылы жүгіну қажет.
Жүгінген кезде сізге толық консультация беріледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тағайындау (бас тарту) туралы мәселе қаралатын болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1420 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі №319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін кезекке тұру керек, ол үшін Мемлекеттік корпорацияға (ХҚКО) келесі құжаттар тізбесімен жүгіну қажет:
Белгіленген нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін тексеруге келісімін көрсете отырып, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою туралы өтініш;
Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
Некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктердің түпнұсқасы жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжатты, сондай-ақ, соңғы 12 айдағы отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы туралы мәліметтерді (мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларды қосқанда) қосымша ұсынады.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезектілік пен белгіленген талаптарға сәйкес беріледі.
Заңнамаға сәйкес электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету «электрондық үкімет»веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мәселен, көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» порталы арқылы орналасқан жеріне (жұмыста, үйде және т. Б.) қарамастан Интернет желісіне қолжетімділік болған кездеwww.egov.kzМемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш беруді жүзеге асыра алады. Бұл ретте мемлекеттік қызметті электрондық нысанда көрсетудің нәтижесі электрондық құжатты немесе қағаз жеткізгіштегі құжатты беру болып табылады.
Қызметті онлайн алу үшін («электрондық лицензиялау» порталында WWWe.license.kz) авторлану және «онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту, өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою қажет, берілген өтініштің мәртебесін Менің өтінішім бөліміндегі Жеке кабинетте бақылауға болады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге:
- Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш;
- Жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде оның кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі, қажет болған жағдайда жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеу, Кодекстің 9-бабының 5-тармағына сәйкес кадастрлық (бағалау) құн арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеу.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні;
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық.
15 қыркүйектен бастап Павлодар облысында мал азығына берілетін субсидия қарастырылып, өтінімдер берілуде. 1 бас қара мал азығына 15 мың теңгеден, 1 бас қой азығына 5 мың теңгеден.
Өтінімді Kazagro.kz сайты арқылы беріледі.