Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің қаулысы жобасын жария талқылау туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3 – бабының 7 – тармағына және 6 – бабының 2 – тармағына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің қаулысы жобасы (әрі қарай - жоба) әзірленді.

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдасы - ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15392006 2025 жылғы 09 қаңтарда аталған жоба түсіндірме жазбаларымен жария талқылау үшін орналастырылған.

Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.