Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің қаулысы жобасын жария талқылау туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3 – бабының 7 – тармағына және 6 – бабының 2 – тармағына сәйкес «Мамлютка қаласына бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу Қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 66 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің қаулысы жобасы (әрі қарай - жоба) әзірленді.

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 17 – бабының 4 – тармағына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдасы - ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15406909 2025 жылғы 21 қаңтарда аталған жоба түсіндірме жазбаларымен жария талқылау үшін орналастырылған.

Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.