Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы маслихатының шешімі жобасын жария талқылау туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2024 жылғы 19 ақпандағы № 20/2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының шешімі жобасы (әрі қарай - жоба) әзірленді.
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдасы - ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет – порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15279151 2024 жылғы 07 қарашада аталған жоба түсіндірме жазбаларымен жария талқылау үшін орналастырылған.
Қоғамдық талқылау 2024 жылдың 07 қараша мен 21 қарашасы аралығында жүргізіледі.
Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.