Баспасөз орталығы
Жаңалықтар
- Шығыс Қазақстан облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының басшысымен бірлесіп «Өскемен қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-не мониторинг жүргізілді.
- 09.10.2026 жылы Шығыс Қазақстан облысының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысымен бірлесіп, «Өскемен қаласының балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-не мониторингтік бару жүргіздім. Мониторингтік барудың негізгі мақсаты – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің мемлекеттік стандарттарының сақталуын тексеру, балалардың тұру жағдайларын, медициналық және әлеуметтік оңалтудың қолжетімділігін, сондай-ақ кедергісіз ортаның қамтамасыз етілуін бағалау. Балалар орталығы 1994 жылдан бері жұмыс істейді. Қазіргі уақытта мекеме Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қолдауға мұқтаж балалар мен жасөспірімдеріне кешенді күтім мен оңалту қызметтерін көрсетеді. Орталық психоневрологиялық патологиялары және тірек-қимыл аппараты бұзылыстары бар 18 жасқа дейінгі балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер, медициналық және әлеуметтік оңалту қызметтерін ұсынады.
- «Еркіндік рухы» жастардың құқықтары жөніндегі комиссиясы 10 айдағы жұмысының қорытындысын шығарды
- Омбудсмен өкілдері мен Үйлестіру кеңесінің мүшелері адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқытудан өтті
- Үйлестіру кеңесінің отырысы
Маңызды ақпаратпен танысыңыз
Жаңартуларға тіркеліп, маңызды жаңалықтар мен оқиғалар туралы хабардар болыңыз





