СҚО-да полицейлер қылмыстық істердің 100% -ға жуығын электрондық форматта тергейді

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің облыстық департаменті аппаратының басшылығы мен қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Аумақтық полиция бөлімшелері жиынға бейнеконференция режимінде қатысты.
Күн тәртібінде қылмыстық салада құқықтық статистиканы қалыптастырудың толықтығын, дұрыстығын және уақтылы қалыптасуын қамтамасыз ету және электрондық қылмыстық істерді тиісті жүргізу мәселелері болды.
Жиынға төрағалық еткен Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығы полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов облыстағы тергеу бөлімшелері қылмыстық істерді электрондық форматта жүргізу үшін қажетті жабдықтармен 100% жабдықталғанын атап өтті.
"Біз тергеу қызметкерлерінің 254 жұмыс орнын ұйымдастырдық, оның 2-уі тергеу әрекеттерін жүргізу үшін тергеу изоляторына жіберілді. Сондай-ақ, "сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізімі offline" -де жұмыс істеу үшін 181 ноутбук сатып алынды", - деп баса айтты ол. - Учаскелік полиция инспекторларына отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстарды тергеуге арналған 26 жұмыс орны жеткізіледі деп күтілуде. Бүгінде облыста қылмыстық істердің 99,6% электрондық форматта, ал 95,9% жалпы республикалық деңгейде тергеледі".
Кеңес барысында полицейлер мен прокурорлар электрондық қылмыстық істерді жүргізу тәжірибесін талқылап, проблемалық жайттарды атап, оларды шешу жолдарын белгіледі. Цифрландыру полиция жұмысының тиімділігін арттыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және халықтың сенімін нығайтуға бағытталған. Тергеу бөлімшелері жұмысының барлық өзекті мәселелері Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.