Петропавлда даулы жер телімін абаттандыру мәселесі талқыланды

Петропавлда даулы жер телімін абаттандыру мәселесі талқыланды

Жер дауы абаттандыру қағидаларын сақтамауға себеп емес. Петропавлда полицейлер Новая көшесіндегі даулы жер телімінде кездесу ұйымдастырды. Меншік иелері арасындағы дау іргелес аумақтың бірнеше метріне қатысты болып отыр.

Бұл мәселені петропавлдық белсенді Мәлік Шигабутдинов көтерді. Дауды қарау жалғасып жатқанда, аумақ тиісті деңгейде күтілмей қалған. Полицейлер оқиға орнында дауға қатысушылар мен құзырлы мемлекеттік органдардың өкілдерін жинады.

Кездесу қорытындысы бойынша дау шешілгенге дейін аумақты күтіп ұстауға жауапты тұлға анықталды. Оны жауапкершілікке тарту мәселесі заң талаптарына сәйкес шешіледі.

Петропавл қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Айдын Ахмағамбетов атап өткендей, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық науқаны аясында полицейлер құқық бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, абаттандыру қағидаларын түсіндіру жұмыстарын да тұрақты жүргізеді. Полицейлер қала тұрғындарын, кәсіпкерлер мен жауапты тұлғаларды қажет болған жағдайда меншік құқығы мен жер учаскелерінің шекарасын нақтылауға шақырады. Бұл аумақтың санитарлық жағдайына қатысты жауапкершілік шегін айқындауға мүмкіндік береді.