Полиция майоры СҚО-ға жауынгерлік қарудан ату бойынша жарыстың жүлдегері болып оралды

Екінші жыл қатарынан СҚО ПД аппаратының қызметкері полиция майоры Шыңғыз Қазизтай полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер арасында жауынгерлік қарудан ату бойынша жарыстарда жүлделі орындарға ие болуда.
Солтүстік Қазақстан облысының намысын төрт қатысушы қорғады, оның ішінде бір қыз қатысты. Қатысушылар Макаров пен Калашников автоматынан — тыныш күйде, жүгіруден кейін және кедергілерден өткеннен кейін оқ жаудырды.
Жарыс 12-14 қыркүйек аралығында Алматы облысының Қонаев қаласында "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамының орталық комитетінің 2024 жылға арналған спорттық іс-шараларының күнтізбелік жоспары шеңберінде өткізілді.
Қатысушылар мойындағандай, бәсекелестік үлкен болды, бірақ Шыңғысқа спорттық сәттілік қолғабыс болды, нәтижесінде ол жүлделі үшінші орынға ие болды.
Мұндай жаттығулар полиция қызметкерлеріне өздерін жақсы күйде ұстауға және адамдарды қылмыстық шабуылдардан қорғау міндеттерін орындауға әрқашан дайын болуға көмектеседі.