«Жол нағыз тозаққа айналды». СҚО тұрғыны боранда көмектескені үшін полицейлерге алғыс білдірді

"Қазір көбі полицейлерге бұл жай ғана жұмыс дейді. Бірақ менің ойымша, ешкім де өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруге міндетті емес. Егер адам осыны жасаса, ол ең жылы сөздерге лайық.
Біз 7 ақпан күні Астанадан шыққанда жолдар әлі де ашық болатын. Солтүстік Қазақстан облысына кірген кезде боран басталып кетті. Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда қар құрсауында қалдық. Оның үстіне көліктен ақау шығып, пешіміз істен шығып болды. Көлікте мен, ұлым, күйеу балам, оның әкесі, сондай-ақ қызым 8 айлық немересімен болды. Салон тез суи бастады. Баланы бүркемелеу үшін барлығымыз сырт киімімізді шешіп алдық.
Жол нағыз тозаққа айналды. Біреу оппа қарға батып жатты, біреулер өтіп бара жатты. Біз ең болмағанда баласы бар әйелді алып кетуді сұрадық - көлікте ешкім де орын табылмады. Айнала бораннан жол көрінбейді, бір метр қашықтықтағы адамның өзің көру мүмкін емес. Үйде болса балалар күтіп жатыр, ал біз тонып отырмыз оның үстіне нәресте де жылайды - Құдай ешкімге де мұндайды бермесін!
Бақытымызға орай, ұлым учаскелік полиция қызметкеріне хабарласа алды. Көп ұзамай Сайран есімді полиция қызметкерімен бірге жол сақшылары мен «КамАЗ» келіп, жолды тазалай бастады. Мені, қызымды және немеремді қызметтік көлікке отырғызды. «КамАЗ» жолды тазалап жатқанда полиция қызметкерлері көлігімізді күрекпен қазып алуға көмектесті. Жол сақшысы Ризабек көліктін алдында жүріп жол көрсетіп отырды. Содан кейін «КамАЗ» алдымызға шығып алып жолды тазалай бастады. Алда тұрып қалған басқа да машиналар болғандықтан бізді полиция қызметкерлері қызметтік көлікпен үйге жеткізіп тастады. Біраз уақыттан кейін полиция және басқа да қызметтермен бірлесіп жолда қалған адамдарға көмек көрсеткен кейін ұлым да оралды.
Бізде өз жұмысын адал, жанқиярлықпен атқаратын және ең жоғары бағаға лайық қызметкерлер бар екенін баршаға жеткізгім келеді. Жарайсындар!"
Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Нарлан Жұмабаев хабарлағандай, аталған учаскеде адамдарға учаскелік инспекторы, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Сайран Исмағұлов, Ризабек Ерсайынов, Қайрат Оразбеков пен Дамир Әбдірахманов, сондай-ақ жол пайдалану учаскесі жұмысшылары және жергілікті «Нежинка-Ерке» ЖШС инженері Андрей Шишков көмек көрсетті. Дауыл кезінде басқа да қауіпті жағдайларға жол берілмеді. Аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы қозғалысты шектеуге және жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылдырылды.