СҚО-да басқару құқығынан айырылған 37 жүргізуші масаң күйде көлік жүргізгені үшін сотталды

СҚО-да басқару құқығынан айырылған 37 жүргізуші масаң күйде көлік жүргізгені үшін сотталды

24 қарашада Ақжар аудандық соты Ақжар ауданының 42 жастағы тұрғынын бір жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Ол биыл ақпан айында көлікті масаң күйде жүргізгені үшін 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған және 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылған. Осы жылдың шілде айында полицейлер оны тағы тоқтатады, ол бұрынғы әдетіне басып, өз көлігі «Lada Priora»-ның рөліне масаң күйде отырған. Сот оны қоғамдық жұмыстарға тартып, өмір бойына басқару құқығынан айырған. Бұл да оған сабақ болған жоқ. Қараша айында масаң күйде ЖКО жасап, Горьковское с. металл арканы зақымдаған. Енді сот үкіміне сәйкес оған бір жылын бас бостандығынан айыру орындарында өткізуіне тура келеді.

«Алкогольдік масаң күйде көлік жүргізу – ауыр салдарға әкеп соғатын, жолдағы өрескел құқық бұзушылықтың бірі болып табылады, - дейді СҚО ПД Анықтау басқармасының бастығы полция полковнигі Ербол Бектұров. — Жыл басынан солтүстікқазақстандық анықтаушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бойынша 73 фактіні тергеді. Қазіргі уақытта 37 адам сотталды, оның ішінде төртеуі – 11 қаңтар заңнамадағы өзгерістер күшіне енгенге дейін, оларға айыппұл мен қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза қолданылды. 30 адам бас бостандығын шектеу түріндегі, үшеуі – бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылды».

Полицейлер жүргізушілерге: Спирттік ішімдік ішкеннен кейін рөлге отырмауды, яғни өзінің және басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірін тәуекелге тікпеуді естеріне салады. Заң мұны қылмыс ретінде бағалап, көлікті мас күйде жүргізуге әуестерге қатысты қатаң шаралар қолдануды көздейді.