Жиі қойылатын сұрақтар
Қысқа жауап:
Егер көрсетілетін қызметтің сапасы шарт талаптарына сәйкес келмесе, тұтынушы байланыс операторына шағыммен жүгініп, кемшіліктерді жоюды немесе қызметтің тиісінше көрсетілмеген кезеңі үшін төлемге қайта есептеу жүргізуді талап етуге құқылы. Егер оператор кемшіліктерді жоймаса, онда шағым байланыс саласындағы уәкілетті органға – Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне жолданады.
Толық жауап:
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұтынушылардың тауардың (жұмыстың, қызметтің) тиісті сапасына құқығы белгіленген. Ұялы байланыс пен интернет қызметтерінің сапасы шарт талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, тұтынушы байланыс операторына өтінішпен жүгінуге құқылы. Егер қызмет көрсетуші байланыс сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдамаса және тариф бойынша тиісті қайта есептеу жүргізбесе, тұтынушы байланыс саласындағы уәкілетті органға жүгінуге құқылы. Мысалы, тұтынушылардың өтініштері негізінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитетінің бөлімшелері байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасына бақылау жүргізуге, сондай-ақ байланыс қызметтерінің сапасы белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануға құқылы. Ал егер байланыс операторы көрсетілген қызметтер үшін төлемге тиісті қайта есептеу жүргізбесе, тұтынушы материалдық және моральдық залалды өндіру туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
КЕЙС:
Аудан орталықтарының бірінің тұрғыны мобильді интернет жылдамдығының тұрақты түрде төмен болуына байланысты байланыс операторына шағымданған. Жоғары жылдамдықтағы интернетке арналған тарифке қосылғанына қарамастан, тұтынушы онлайн-сервистерді толыққанды пайдалана алмай, бейнеконференциялар өткізуге және қажетті файлдарды жүктеуге қиындықтарға тап болған. Тұтынушы бірнеше рет байланыс операторының қолдау қызметіне жүгінгенімен, мәселе ұзақ уақыт бойы шешілмеген. Осыдан кейін ол көрсетілетін қызметтердің сапасына тексеру жүргізуді және қызметтер тиісті сапада көрсетілмеген кезең үшін абоненттік төлемді қайта есептеуді талап етіп, уәкілетті мемлекеттік органға өтініш жолдаған. Өтінішті қарау нәтижесінде байланыс операторы аталған елді мекенге қызмет көрсететін базалық станцияда техникалық ақаулардың бар екенін растаған. Тұтынушыға тиісті кезең үшін қызмет құнына қайта есептеу жүргізіліп, анықталған кемшіліктерді жою мерзімдері туралы ақпарат берілген. Сонымен қатар, байланыс сапасының қанағаттанарлықсыз екендігі туралы ақпарат телекоммуникациялар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға тиісті шаралар қабылдау және көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылау жүргізу үшін жолданған.
Қысқа жауап:
Егер тауар сипаттамаға сәйкес келмесе немесе мүлде жеткізілмесе, тұтынушы сатушыдан тауарды қайтарып алып, өзі төлеген ақшалай қаражатты қайтаруды талап етуге құқылы. Тауарды қайтарудан негізсіз бас тартылған немесе тұтынушының талап-арызына жауап берілмеген жағдайда, тұтынушы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
Толық жауап:
Тауар үлгі бойынша және (немесе) сипаттама бойынша сатылғанда, сондай-ақ электрондық сауда арқылы өткізілген жағдайда сатушы тұтынушыға үлгіге және (немесе) сипаттамаға сәйкес келетін тауарды беруге міндетті. Тауардың кемшілігі – бұл тауардың техникалық регламенттердің міндетті талаптарына, стандарттау жөніндегі құжаттарға, шарт талаптарына, сондай-ақ сатушы ұсынған тауар туралы ақпаратқа сәйкес келмеуі. Тауардың кемшіліктері анықталған жағдайда, оның ішінде тауар сипаттамаға сәйкес келмесе, тұтынушы сатушыға тауарды айырбастау немесе қайтару туралы талаппен жазбаша шағым (претензия) жолдауға құқылы. Сондай-ақ тапсырыс белгіленген мерзімде жеткізілмеген жағдайда, тауар үшін төленген ақшалай қаражатты қайтару туралы талаппен жазбаша шағым беріледі. Егер сатушы тұтынушының заңды талаптарын ерікті түрде орындамаса, тұтынушы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне немесе Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттеріне жүгінуге құқылы. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган жеткілікті негіздер мен растайтын дәлелдемелер болған жағдайда кәсіпкерлік субъектісіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізуге бастамашылық жасап, тұтынушы құқықтарының бұзылуын жою туралы нұсқама шығаруға құқылы. Сонымен қатар, тұтынушы өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. Мысалы, тауар Ozon немесе Wildberries электрондық сауда алаңдары арқылы тапсырыс берілген жағдайда, шағым интернет-дүкеннің жеке кабинеті арқылы беріледі. Сондай-ақ тұтынушы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органға жүгіне алады. Өзара іс-қимыл және ынтымақтастық аясында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті келіп түскен өтініштерді қарау үшін Ozon және Wildberries компанияларының өңірлік өкілдеріне жолдайды.
КЕЙС:
Тұтынушы маркетплейс арқылы құны 250 мың теңге болатын тұрмыстық техниканы сатып алып, тауардың толық құнын алдын ала төлеген. Жеке кабинеттегі ақпаратқа сәйкес, тауар 10 күн ішінде жеткізілуі тиіс болған. Алайда көрсетілген мерзім өткеніне қарамастан, тауар тұтынушыға жеткізілмеген. Маркетплейстің қолдау қызметіне жүгінген кезде тұтынушыға жеткізу мерзімінің кейінге қалдырылғаны туралы бірнеше рет хабарланғанымен, тапсырысты алу күні нақты көрсетілмеген. Тауарды ақылға қонымды мерзімде ала алмаған тұтынушы сатушыға төленген ақшалай қаражатты қайтару туралы жазбаша талап жолдаған. Алайда шағымға жауап берілмеген және ақшалай қаражат қайтарылмаған. Осыған байланысты тұтынушы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген. Ұсынылған құжаттар, атап айтқанда төлемді растайтын құжаттар, сатушымен жазысқан хат-хабарлар және тапсырыс туралы мәліметтер зерделенген. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өтініш қарау және мәселені реттеу үшін маркетплейс өкіліне жолданған. Қарау қорытындысы бойынша тұтынушының талаптары негізді деп танылып, тапсырыс жойылған және төленген ақшалай қаражат сатып алушыға толық көлемде қайтарылған.
https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z100000274_
Қысқа жауап:
Маркетплейстер арқылы сатып алу кезінде тұтынушылардың құқықтарының бұзылуы көбінесе тауардың сипаттамасына сәйкес келмеуімен, тауарды қайтарудан немесе айырбастаудан бас тартумен, тауарды жеткізу мерзімдерінің бұзылуымен, ақшалай қаражатты қайтарудың кешіктірілуімен және басқа да мәселелермен байланысты болады. Сонымен қатар, тұтынушылар интернет-алаяқтық жағдайларына да жиі тап болады.
Толық жауап:
Электрондық сауданың қарқынды дамуына байланысты тұтынушылардың құқықтарының бұзылу жағдайлары да артып келеді. Қазіргі уақытта тұтынушылардың шағымдарының басым бөлігі тиісті және тиісті емес сападағы тауарларды айырбастаудан немесе қайтарудан негізсіз бас тартуға, алынған тауардың сайтта сатушы ұсынған сипаттамаға сәйкес келмеуіне, сондай-ақ төлем жасалғанын растайтын құжаттардың берілмеуіне байланысты. Сонымен қатар, тұтынушылар интернет-ресурстарда сатушы туралы мәліметтердің, оның ішінде атауы мен орналасқан жері туралы ақпараттың болмауына жиі тап болады. Интернет-дүкендер арқылы сатылатын тауарлардың барлығы бірдей техникалық регламенттердің міндетті талаптарына және стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкестігін растайтын құжаттармен қамтамасыз етіле бермейді.Сондай-ақ, тұтынушы жарнамаға сеніп, тауарға тапсырыс беріп, алдын ала төлем жасағанымен, нәтижесінде жеткізілмеген тауар үшін ақшасын қайтара алмайтын алаяқтық жағдайлары да кездеседі.
КЕЙС:
Тұтынушы интернет-дүкен арқылы ылғалды тазалау функциясы және мобильді қосымша арқылы басқару мүмкіндігі көрсетілген робот-шаңсорғышқа тапсырыс берген. Алайда тауарды алғаннан кейін сатып алынған модельде көрсетілген функциялардың жоқ екені анықталған. Осыған байланысты тұтынушы сатушыға ақшалай қаражатын қайтару туралы талап қойған. Алайда сатушы тауардың қаптамасы ашылғанын негізге алып, қайтарудан бас тартқан. Тұтынушы жазбаша талап-арыз жолдағаннан кейін оның талаптары қанағаттандырылып, төленген ақшалай қаражат толық көлемде қайтарылған.
https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z100000274_
Қысқа жауап:
Еуразиялық экономикалық одақ аясында кедендік декларациялау алып тасталған, кедендік баждар мен алымдар алынбайды, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы өзара саудада тарифтік емес шаралар қолданылмайды, санитарлық, ветеринариялық, фитосанитариялық қауіпсіздік сертификаттары, сондай-ақ бірыңғай техникалық регламенттерге сәйкестік сертификаттары өзара танылады.
Толық жауап:
Еуразиялық экономикалық одақ аясында Қазақстан Республикасының кәсіпкерлері кедендік баждар мен алымдар алынбайтын, тарифтік емес шаралар қолданылмайтын, өзара сауда кезінде кедендік декларациялау жойылған ортақ нарықтың артықшылықтарын пайдаланады. Санитариялық, ветеринариялық, фитосанитариялық қауіпсіздік сертификаттарын, сондай-ақ бірыңғай техникалық регламенттерге сәйкестік құжаттарын өзара тану қамтамасыз етілген.
2024 жылдан бастап бизнеске Еуразиялық экономикалық одақ бюджеті қаражаты есебінен қаржыландырылатын өнеркәсіп саласындағы бірлескен кооперациялық жобаларға қатысу мүмкіндігі де ұсынылды.
Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы Шарттың 25, 28, 32, 52, 53, 56–59-баптары
http://10.61.42.188/rus/docs/Z1400000240#z0
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2023 жылғы 26 қазандағы № 3 шешімі
«Өнеркәсіп салаларындағы бірлескен кооперациялық жобаларды іріктеу және Еуразиялық экономикалық одақ-қа мүше мемлекеттер тарапынан оларды іске асыру кезінде қаржылық қолдау көрсету туралы ережені бекіту жөнінде»
https://docs.eaeunion.org/documents/419/7737/
Қысқа жауап:
Мәселе реттелді: ағымдағы жылдың 27 сәуірінде Ресей Федерациясы Үкіметінің № 467 қаулысы қабылданды. Аталған қаулыға сәйкес, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын кәсіби жүргізуші болып табылатын Грузия азаматтарының Ресей Федерациясында уақытша болу мерзімі бір күнтізбелік жыл ішінде 180 тәулікке дейін ұлғайтылады.
Толық жауап:
Қалыптасқан жағдайды жедел реттеу мақсатында Ресей тарапымен екіжақты деңгейде де, Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында да жедел келіссөздер жүргізілді. Сонымен қатар, Министрлік Ресей тарапына халықаралық жүк және жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілерге қатысты Ресей Федерациясы аумағында уақытша болу мерзіміне қойылатын шектеулерді қолданбауды көздейтін Ресей Федерациясының заңнамасына өзгерістер енгізу арқылы аталған мәселені жүйелі негізде реттеуді ұсынды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша, ағымдағы жылдың 27 сәуірінде Ресей Федерациясы Үкіметінің № 467 қаулысы қабылданды. Аталған қаулыға сәйкес, визасыз тәртіппен Ресей Федерациясына келген және халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын кәсіби жүргізушілер болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің азаматтарына, сондай-ақ Грузия азаматтарына Ресей Федерациясында уақытша болу мерзімін бір күнтізбелік жыл ішінде жиынтық түрде 180 тәулікке дейін ұзарту қарастырылған. Бұл ретте шетел азаматтары Ресей Федерациясына кіру және Ресей Федерациясында болу (тұру) мақсатында белгіленген тәртіппен өтініш беруі тиіс. Аталған қаулы ағымдағы жылдың 30 маусымынан бастап күшіне енеді.
Осылайша, бүгінгі таңда Еуразиялық экономикалық одақ-қа мүше мемлекеттердің халықаралық жүргізушілерінің Ресей Федерациясы аумағында уақытша болуына қатысты мәселе реттелді.
Ресей Федерациясының 2002 жылғы 25 шілдедегі №115-ФЗ «Ресей Федерациясындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» Федералдық заңы (2024 жылғы 8 тамыздағы № 260-ФЗ Федералдық заңы редакциясында)
https://constitution.garant.ru/act/right/184755/
Ресей Федерациясы Үкіметінің 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 467 қаулысы «Ресей Федерациясы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 1510 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» http://publication.pravo.gov.ru/document/0001202604280018
Қысқа жауап:
«Орталық Азия +» форматы – Орталық Азия мемлекеттері мен шетелдік серіктестер арасындағы саяси, экономикалық және сауда ынтымақтастығын дамытуға арналған диалог алаңы. Қазақстан бұл форматтарға белсенді қатысып, сауданы дамыту, көлік-логистикалық байланыстарды нығайту және өңірлік экономикалық ықпалдастықты ілгерілету бастамаларын қолдайды. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі сауда-экономикалық күн тәртібін үйлестіруге, салалық іс-шараларды дайындауға және өңірлік ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бастамаларды ілгерілетуге қатысады.
Толық жауап:
«Орталық Азия +» форматтары аясында Орталық Азия мемлекеттері мен шетелдік серіктестер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері қарастырылады. Атап айтқанда, инвестициялар тарту, көлік-логистикалық бағыттар мен халықаралық дәліздерді дамыту, экономиканы цифрлық трансформациялау, шағын және орта бизнесті қолдау, өзара сауда көлемін ұлғайту, өңірлік өзара байланыстылықты нығайту және тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық беріледі. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі аталған форматтардың жұмысына белсенді қатысып, жұмыс топтарының отырыстарын, сауда мәселелеріне жауапты мемлекеттік органдар басшыларының кездесулерін ұйымдастыруға, сондай-ақ қатысушы мемлекеттер үшін өзекті сауда-экономикалық бастамалар мен ортақ мүддеге ие мәселелерді әзірлеуге және ілгерілетуге қатысады.
Мысал:
Қазіргі уақытта ҚР СИМ «Орталық Азия +» форматтары шеңберінде 12 серіктес мемлекетпен сауда-экономикалық мәселелерді пысықтауға қатысуда. Атап айтқанда, «Орталық Азия – Қытай» форматы аясында 2025 жылғы Саммит қорытындысы бойынша Орталық Азия мемлекеттері мен Қытайдың экономика және сауда министрліктері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі Іс-қимыл жоспары, сондай-ақ кедергісіз сауда саласындағы ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі «Орталық Азия – Қытай» ведомствоаралық өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, кедергісіз сауданы қамтамасыз ету жөніндегі Жұмыс тобы құрылып, оның шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру және сауда-экономикалық саладағы жаңа бастамаларды ілгерілету бойынша жұмыс жүргізілуде.
- Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы №54 «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
http://10.61.42.188/kaz/docs/Z050000054_
- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі туралы ереже.
https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/documents/details/8654?lang=ru
- «Орталық Азия +» форматтары шеңберінде қабылданатын халықаралық құжаттар мен бірлескен мәлімдемелер
Қысқа жауап:
Экспорттық кедендік баждарды енгізу, өзгерту немесе алып тастау мәселелері Қазақстан Республикасының ұлттық құзыретіне жатады. Тиісті ұсыныстар Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 21 бұйрығымен бекітілген. Мәселені қарау үшін бастамашы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне аталған Қағидаларда көзделген ақпарат пен негіздемелерді ұсынуы қажет.
Толық жауап:
Экспорттық кедендік баждарды енгізу, өзгерту немесе алып тастау мәселелері Қазақстан Республикасының ұлттық құзыретіне жатады. Тиісті ұсыныстар Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 21 бұйрығымен бекітілген Сыртқы сауда қызметін реттеудің тарифтік, тарифтік емес, сауда және өтемақы шараларын қолдану, өзгерту немесе алып тастау туралы ұсыныстарды қарау қағидаларына сәйкес қаралады. Мәселені қарау үшін бастамашы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне аталған Қағидаларда көзделген ақпарат пен негіздемелерді ұсынуы қажет. Ұсынылған материалдар мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен қаралып, олардың нәтижелері бойынша тиісті реттеу шарасын қолданудың, өзгертудің немесе алып тастаудың орындылығы туралы шешім қабылданады.
http://10.61.42.188/rus/docs/V1900019288#z18
Қысқа жауап:
Тауардың лицензиялауға жататынын және лицензияны қандай мемлекеттік орган беретінін анықтау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 287 қаулысымен бекітілген тауарлар тізбесіне жүгіну қажет. Аталған тізбеде лицензия негізінде экспортталатын және (немесе) импортталатын тауарлар, сондай-ақ лицензия беруге уәкілетті мемлекеттік органдар көрсетілген.
Толық жауап:
Тауарларды экспорттау немесе импорттау кезінде лицензия алу қажеттілігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 287 қаулысымен бекітілген «Халықаралық шарттарға сәйкес рұқсат беру құжаттарының негізінде экспортталатын және (немесе) импортталатын тауарлардың, сондай-ақ мемлекеттік органдар беретін рұқсат беру құжаттарының тізбесімен» айқындалады.
Аталған қаулыда экспортқа және (немесе) импортқа рұқсат беру тәртібі қолданылатын тауарлардың тізбесі, сондай-ақ лицензия беретін және олардың берілуін келісетін мемлекеттік органдар белгіленген.
Лицензияны қай мемлекеттік орган беретінін анықтау үшін тауардың атауы мен СЭҚ ТН кодын көрсетілген тізбемен салыстыру қажет. Тауар тізбеде болған жағдайда, лицензияны беруге уәкілетті мемлекеттік орган сол жерде көрсетіледі.
Лицензия алу үшін өтінім Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау порталы «Е-лицензия» арқылы беріледі.
Мысал: Мен бағалы металлдардан жасалған зергерлік бұйымдарды экспорттауды жоспарлап отырмын. Осы тауарға лицензияны қай мемлекеттік орган береді?
https://adilet.zan.kz/rus/docs/P1500000287/history
Қысқа жауап:
Тауар тиісті еркін сауда туралы келісімде белгіленген тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидаларына сәйкес келуі қажет.
Толық жауап:
Тарифтік преференциялар Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын еркін сауда туралы келісімдер шеңберінде беріледі. Тарифтік преференцияларды алу үшін тауар тиісті еркін сауда туралы келісімде белгіленген тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидаларына сәйкес келуге тиіс. Бұл ретте, шығу тегін айқындау қағидаларын сақтаудың негізгі шарттарының бірі тауардың шығу тегі туралы құжаттың болуы, «тікелей жеткізу» қағидаты талаптарының сақталуы және тауардың шығарылған елінің критерийлерінің орындалуы болып табылады.
Мысал: Қазақстандық компания ЕАЭО мен Сербия арасындағы Еркін сауда туралы келісім шеңберінде Сербияға ұн экспорттайды. Кедендік баждың төмендетілген немесе нөлдік мөлшерлемесін қолдану үшін экспорттаушы тауардың қазақстандық шығу тегін келісімде белгіленген шығу тегін айқындау қағидаларына сәйкес растауы және тауардың шығу тегі туралы сертификатты рәсімдеуі қажет. Осы талаптар сақталған жағдайда Сербия тарапы тауарды импорттау кезінде тарифтік преференциялар ұсынады.
- Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 маусымдағы № 395 Заңы «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы»; http://10.61.42.188/rus/docs/Z990000395_
- Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 маусымдағы № 394 Заңы «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасы Үкіметі арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы»; http://10.61.42.188/rus/docs/Z990000394_
- Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 25 қазандағы № 46-V Заңы «Еркін сауда аймағы туралы шартты ратификациялау туралы»;
http://10.61.42.188/rus/docs/Z1200000046
- Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 147-VIII ҚРЗ Заңы «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы»;
http://10.61.42.188/rus/docs/Z2400000147
- Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 30 қарашадағы № 504-IV Заңы «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Сербия Республикасы Үкіметі арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы»;
http://10.61.42.188/rus/docs/Z1100000504
- Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 461-V ҚРЗ Заңы «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы». http://10.61.42.188/rus/docs/Z1600000461
Қысқа жауап:
Квоталарды бөлу уәкілетті орган тарапынан сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың өтініштері негізінде, белгіленген квота көлемі шегінде және ол толық игерілгенге дейін тауарды демпингке қарсы бажды төлемей әкелуге лицензиялар беру арқылы жүзеге асырылады.
Толық жауап:
Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында демпингке қарсы бажды төлемей тауарларды әкелуге арналған сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 3-тармағына, «Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 5) тармақшасына, сондай-ақ нақты тауарға қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының тиісті шешіміне сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық акт негізінде жүзеге асырылады.
Тауарды демпингке қарсы бажды төлемей әкелу сыртқы сауда қызметіне қатысушыда сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган берген лицензия болған жағдайда жүзеге асырылады.
Лицензия алу үшін сыртқы сауда қызметіне қатысушылар сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51-НҚ «Сауда қызметі саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20135 болып тіркелген) бекітілген «Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес тауар импортын жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініш береді. Нәтижесінде демпингке қарсы бажды төлемей тауар әкелуге арналған квота бөлінеді.
Квоталарды бөлу әрбір жекелеген тауар бойынша тиісті нормативтік құқықтық актіде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Лицензиялар өтініште көрсетілген тауар көлеміне, тиісті нормативтік құқықтық актімен көзделген ең жоғары көлем шегінде және белгіленген жылдық квота толық игерілгенге дейін беріледі.
Лицензияның қолданылу мерзімі ол берілген күнтізбелік жылмен шектеледі.
Лицензия қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қайтарылған жағдайда, пайдаланылмаған квота көлемі сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында қайта бөлінеді.
Квотаны бөлу белгіленген көлем толық игерілгенге дейін жүзеге асырылады.
Мысал: демпингке қарсы бажды төлемей тауар әкелуге арналған жылдық квота 6 млн дана болып белгіленген. Сыртқы сауда қызметіне қатысушы 500 мың дана тауар импорттауға лицензия алу үшін өтініш береді. Квотаның бос көлемі болған жағдайда, уәкілетті орган мәлімделген көлемге лицензия береді. Квотаны бөлу белгіленген көлем толық игерілгенге дейін жалғасады.
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №8 қосымша
https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1400000240/z140240.htm
https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1500000316