ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ХАБАРДАР ЕТУ

ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ХАБАРДАР ЕТУ

ҚР сауда министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне өтініштер келіп түседі.

Мысалы, «1. Тұтынушыға қандай шектеулер қойылуы мүмкін?»;

«2. Шектеулер сақталмаған жағдайда кәсіпкердің тұтынушыны олардың аумағына кіргізбеуге құқығы бар ма?».

Ол үшін Қазақстан Республикасының аумағында жоғары заң күші бар актіге назар аударған жөн.

ҚР Конституциясының 39-бабы 1-тармағына сәйкес адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғау мақсатында қажет шамада ғана тек заңдармен шектелуі мүмкін.

Осыған байланысты шектеулер конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғау мақсатында ҚР нормативтік құқықтық актілерінде (заңдарда, техника қауіпсіздігі нормаларында, санитарлық нормаларда және т.б.) тікелей көрсетілген жағдайда ғана табылуы мүмкін.

Бұдан басқа, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 8-бабы 1-бөлігіне сәйкес бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасауға, жосықсыз бәсекелестікке тыйым салынатынын атап өткен жөн.

Бұл ретте «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 8-1-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес сатушы (орындаушы, дайындаушы) қосымша жүктеген өтеулі тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша тұтынушының міндеттерін белгілеу шарт жасасу кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын шарт деп танылады.