Қазақстанда тұтынушылардың шағымдарын қараудың үш сатылы жүйесін енгізу ұсынылды

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында сотқа дейінгі реттеу институттарын белсенді пайдаланатын халықаралық тәжірибені қолдану.
Бұзылған құқықтарды қалпына келтіру және шығындарды өтеуге басымдық берілетін тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті тұтынушылардың шағымдарын қараудың дәйекті үш сатылы жүйесін енгізуді ұсынады.
Бірінші деңгейде сатушының шағымын міндетті түрде қарастыру ұсынылады. Сонымен бірге, оны қараудың 10 күндік мерзімі бекітіледі, сондай-ақ,уәкілетті орган мен сотқа дейінгі реттеу институттарынатауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетуді жүзеге асыру орындарында байланыс телефондарын орналастыру міндеттелді. Адал емес кәсіпкер тарапынан шағым ескерілмеген жағдайда оны жауапкершілікке тарту қарастырылған.
Екінші деңгейде шағым дауларды сотқа дейін қарау институттарына не уәкілетті органға келіп түседі. Бұл ретте заң жобасымен шағымдарды жіберу, сондай-ақ, қарау мерзімдері мен тәртібі регламенттелді. Сотқа дейінгі реттеу институттарын ынталандыру үшін заң жобасы дау сотқа дейінгі тәртіппен шешілген жағдайда кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершіліктен босату мүмкіндігін қарастырады.
Үшінші деңгей-бұл, әрине, сотқа шағым беру. Осылайша, дау-дамайдың басым бөлігі бірінші сатыда, яғни сатушымен талқылау сатысында шешілетін болады, бұл оның қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін және сатып алушы алдындағы материалдық жауапкершілігін едәуір арттырады.
Дауларды сотқа дейін реттеу туындаған жанжалдарды реттеудің өркениетті және тиімді құралы болып табылады. Сонымен қатар, дауларды сотқа дейін реттеудің айқын артықшылықтары бар, өйткені дауды реттеудің сот тәртібі - жеткілікті ұзақ, ал іс жүргізу сипатындағы кепілдіктерге күрделі сот рәсімдері арқылы қол жеткізіледі.