ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл

ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл

Комитет тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды:

·       "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" ҚБ»

·       "Қазақстан тұтынушыларының республикалық қауымдастығы"заңды тұлғалар бірлестігі

·        "Тұтынушылардың ұлттық лигасы" РҚБ;

Комитеттің аумақтық департаменттерінде қоғамдық бірлестіктермен тұрақты өзара іс-қимыл жүргізіледі (дөңгелек үстелдер, меморандумдар жасасу, заң нормаларын түсіндіру, халықпен кездесулер, көшпелі кездесулер және т.б.).

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 36-тармағын орындау үшін белгіленген мерзімде "бизнестің қызметіне, әсіресе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы өзін-өзі реттеуді және қоғамдық бақылауды дамыту жөніндегі шаралар кешенін бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданды.

 

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Өңірлер жаңалықтары

Бағыт бойынша барлық жаңалық

Оқиғалар күнтізбесі

Барлық оқиға

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 41-бабына сәйкес, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар): - уәкілетті органға және өзге де мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге; - тұтынушылардың құқықтарын бұзу фактісін қарауға жәрдемдесу мақсатында мемлекеттік органдарға жүгіну; - өтініштерді, шағымдарды қабылдауды жүзеге асыруға; - Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен мемлекеттік органдарда, сондай-ақ өзге де қоғамдық бірлестіктерде тұтынушылардың мүдделерін білдіруге; - тұтынушылардың мүдделеріне, оның ішінде тұтынушылардың айқындалмаған тобының мүдделеріне орай сотқа талап-арыз беруге; - тұтынушыларға заңдық және консультациялық көмек көрсетуге; - қоғамдық бақылауды жүргізуге; - қоғамдық бақылау жүргізу кезінде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасы мен қауіпсіздігіне сараптама жүргізуге бастамашылық жасауға; - тұтынушылық дауды сотқа дейінгі тәртіппен қарауға және т.б. құқылы.