Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Тұтынушыларға ақпарат беру және кеңес беру

2025 жылдың қаңтар айынан бастап Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті және оның аумақтық департаменттері тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында ақпараттық-ағарту жұмыстарын тұрақты және жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

Комитеттің ресми интернет-ресурсы мен әлеуметтік желідегі парақшаларында тұтынушылардың құқықтары, кепілдік міндеттемелері, тауарды қайтару немесе ауыстыру тәртібі, онлайн-сауда қауіпсіздігі, сапасыз қызмет көрсету фактілерін реттеу және өзге де өзекті мәселелер бойынша 300-ден астам түсіндірмелік және талдамалық материал жарияланды.

Жарияланған материалдар Комитеттің әлеуметтік желілерінде кеңінен таратылып, олардың сілтемелері еліміздегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдарына жолдануда. БАҚ-пен тиімді жұмыс істеу нәтижесінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жаңалықтар мен нақты мысалдар жедел жарияланып, қоғам арасында кеңінен талқылануда.

Ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша, Комитет пен аумақтық департаменттердің ақпараттық жұмысы нәтижесінде интернет пен БАҚ-та тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесіне арналған 1500-нан астам материал жарық көрді. Бұл көрсеткіш ақпараттық-түсіндіру жұмысының тиімділігін және халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған шаралардың нәтижелілігін айқындайды.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін жүйелі әрі кәсіби түрде жариялап келе жатқан жетекші республикалық БАҚ қатарында: Zakon.kz, Tengrinews.kz, Informburo.kz, Vlast.kz, NUR.KZ, Stan.kz, Baigenews.kz, Liter.kz, Kazinform, Sputnik Kazakhstan, KazTAG, NewTimes.kz, Azattyq.org, Orda.kz, El.kz, Mediazona Kazakhstan, Factcheck.kz, ProTenge.kz, Kursiv Media, Forbes.kz, FinReview, Kapital.kz, LS.kz және басқа да медиа ресурстар бар.

 Аталған ақпараттық алаңдарда Комитеттің құқықтық кеңестері, ресми пікірлері, тақырыптық кейстер мен түсіндірмелері тұрақты түрде жарияланып келеді.

Өңірлік деңгейде ақпараттық жұмысты сапалы және белсенді жүргізіп отырған аумақтық департаменттер:

Маңғыстау облысы

Атырау облысы

Шығыс Қазақстан облысы

Ақмола облысы

Қостанай облысы

БҚО

Абай облысы

Павлодар облысы

Қарағанды облысы

Солтүстік Қазақстан облысы

Ұлытау облысы

Түркістан облысы

Жетісу облысы

Аталған департаменттер халыққа түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізіп, өңірлік БАҚ-пен тұрақты байланыс орнату арқылы тұрғындардың тұтынушылық құқық мәдениетінің артуына елеулі үлес қосып отыр.

БАҚ пен жұмыс жыл басынан мүлдем аз немесе жоқ департаменттер

Алматы облысы

Қызылорда облысы

Шымкент қаласы

Осыған байланысты, ақпараттық-ағарту жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында төмендегі ұсыныстар берілді:

 

ҰСЫНЫСТАР

  1. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту

Тұтынушыларға арналған «Тұтынушы мектебі» айдарын ашу (бейнематериал, инфографика, құқықтық кеңестер).

Әлеуметтік желілерде күнделікті құқықтық кеңестерді тұрақты жариялау.

Қарапайым тілмен әзірленген нұсқаулықтар, чек-листер және қысқа видеороликтер дайындау.

ЖОО студенттері үшін ашық лекциялар мен құқықтық семинарлар өткізу.

 Өңірлік ақпараттық жұмысты жандандыру

Әр өңірде ай сайын 10–15 сапалы ақпараттық материал әзірлеу.

БАҚ-пен жоспарлы брифингтер өткізу.

Халықпен көшпелі кездесу, қабылдау және түсіндіру шараларын кеңейту.

 Цифрлық коммуникация арналарын жетілдіру

Telegram/WhatsApp-бот арқылы құқықтық кеңес беру жүйесін дамыту.

ХҚКО-ларда цифрлық «Тұтынушы бұрышын» орналастыру.

Жиі қойылатын сұрақтарға арналған мобильді сервис әзірлеу.

TikTok және Instagram Reels форматындағы құқықтық бейнероликтерді жүйелі шығару.

Инфографика және анимациялық роликтерді көптеп пайдалану.

«1 минут – 1 кеңес» жобасын іске қосу.

Республикалық «Тұтынушы апталығын» өткізу

Ашық есік күндері

Онлайн вебинарлар

Тегін заңгерлік кеңес беру алаңдары

Қоғамдық талқылаулар және түсіндіру шаралары

 БАҚ-пен әріптестікті жүйелі түрде дамыту

Журналистер үшін жыл сайын ақпараттық тренингтер ұйымдастыру.

Аталған шараларды іске асыру тұтынушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және тұтынушылардың мемлекеттік органдарға деген сенімін күшейтуге мүмкіндік береді.

Документы
Хаттама
05 марта 2026
Протокол совещания по вопросам коррупции
Есеп
05 декабря 2025
2025 жылға арналған ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША БАҚ-ТА ЖАРИЯЛАНҒАН МАТЕРИАЛДАР ДАЙДЖЕСТІ
Бұйрық
23 мая 2024
Тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері тізбесінің кейбір мәселелері туралы
Новости
Полезные материалы
Защита прав потребителей
В ЕАЭС приняли программу защиты прав потребителей в условиях цифровой трансформации
Елордада 48 млн теңге тұтынушыларға қайтарылды
Медиагалерея
0
Тұтынушы құқығы: сапа бақылауда ма? | Бизнес-климат | 21.04.2026
0
Права потребителя в цифровую эпоху
События
06 сентября
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ТРЕНИНГКЕ ТҰТЫНУШЫЛАР ҚБ, КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІ, ОҚЫТУШЫЛАР ЖӘНЕ БАСҚА ДА МҮДДЕЛІ ТҰЛҒАЛАРДЫ ШАҚЫРАМЫЗ.
22 мая
Тұтунушылардың құқықтарын қорғау мәселелрі бойынша тікелей эфир
13 мая
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Бақылау және үйлестіру басқармасы
Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті
Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті
Часто задаваемые вопросы
Сіз тауарлар немесе қызметтер көрсету саласында тұтынушылық құқықтарыңыз бұзылуына тап болдыңыз ба?

Егер солай болса, онда сіз өз өтініштеріңізді төменде көрсетілген дереккөздері бойынша қалдыра аласыз:

Горячая линия: +7(7172)75-06-49, 74-98-32, 74-98-36 

Телеграмм: @kzpp_bot   

https://e-tutynushy.kz/

Бек Эйр авиакомпаниясының тоқтатылған рейстері үшін ақша қайтарыла ма ?

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі - Комитет) мынаны хабарлайды. "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес Комитет "Бек Эйр" АҚ авиакомпаниясына Алматы қаласы Түрксіб ауданының сотына күші жойылған авиарейстерді тұтынушыларға ақшалай қаражатты қайтару мәселесі бойынша бес талап арыз берді. Сіз сот талқылауының барысы туралы ақпаратты сайттан ала аласыз http://office.sud.kz/

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау қорғау бойынша жүйе (e-tutynushy.kz) деген не?

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйе (e-tutynushy.kz) дегеніміз - тұтынушылар құқықтары туралы ақпарат қамтылған, құқығыңыз  бұзылған жағдайда сіз құқық қорғаушыларды таба алатын және сауда ұйымының өкілдеріне тікелей наразылық жолдауыңызға болатын  онлайн платформа. Аталған ұйым өз кезегінде сіздің өтінішіңізді қарап, көмек көрсетуге міндетті болады. Әйтпеген жағдайда өтініш сіздің тұтынушылық құқықтарыңызды қорғау үшін қажетті заңды шаралар қолданатын жауапты мемлекеттік органға барып түседі.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы