
25 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңға, "Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңына қол қойды"
Атап айтқанда, заңда жаңа ережелер мен форматтар енгізу қарастырылған:
1) шағымдарды қараудың 3 сатылы жүйесі енгізілді (I деңгей-сатушы және/немесе дауларды сотқа дейін қарау институттары; II деңгей – уәкілетті орган; III деңгей – сот органдары); – бизнеске мәселені өз бетінше шешуге мүмкіндік береді.
2) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында шағымдарды қабылдаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру (тұтынушы үшін оның құқықтарын қорғау бойынша "бірыңғай терезе" құру);- мобильдік қосымша арқылы тұтынушылардың шағым беруін барынша оңайлату, тұтынушыларды тәулік бойы техникалық қолдау.
4) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның рөлін күшейту (СӨП және Мо және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы үйлестіруші рөл; бақылау функцияларын беру)
5) тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес құрылды (Үкімет жанынан кеңес, жылына кемінде 1 рет отырыс, АҚ және үкіметтік емес ұйымдардың СӨП саласындағы қызметін бағалау).
