ҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІН ҚОЛДАНУ ҚАҒИДАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАУ БОЙЫНША ДӨНГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

9 ақпан 2016 жылы Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мамандары мемлекеттік мекеме өкілдерінің және мемлекеттік рәміздерді сатумен айналысатын кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің қатысуымен ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» Ұлттық стандартын талқылау тақырыбында дөнгелек үстел өткізді.
Дөнгелек үстел өткізу барысында ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» Ұлттық стандартына енгізілген негізгі өзгешеліктер мен толықтырулар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жаңартудың туындау себебі, ҚР СТ 989-2014 ұлттық стандарты мен ҚР СТ 989-2008 стандарты бойынша Мемлекеттік Елтаңбаның негізгі сыртқы пішіндік айырмашылықтары, Мемлекеттік Елтаңбаның түр-түстік сипаттарының орындалуына қойылатын талаптар, Мемлекеттік Елтаңбаның сипаттамалары (детальдарының конструкторлық сызбалары) бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мамандары түсіндірме жүргізді.