Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруСтандарттар сауданы дамытуда маңызды рөл атқарады, олар саудадағы техникалық кедергілерді алып тастаудың және экспортты дамытудың драйвері болып табылады.
Тәуелсіздік жылдарында мемлекетаралық стандарттар қорын жаңартып қана қоймай, 25000 бірліктен астам белгіге қол жеткіздік.
Бүгінде ТМД елдеріне экспортқа тауарлар жеткізетін Қазақстанның көптеген өндірушілері бірінші кезекте мемлекетаралық стандарттарды пайдаланады.
Салалар бөлінісінде стандарттар қорының қамтамасыз етілуі мыналарды құрайды:
машина жасау саласында – 21% (5 640), химия және мұнай – химия өнеркәсібі – 13% (3 524), ауыл шаруашылығы және азық – түлік – 12% (3 304), металлургия-7% (1 807), жеңіл өнеркәсіп-5% (1 312), құрылыс материалдары мен бұйымдары-1 219 (5%) және т. б.
2020 жылы біз мемлекетаралық стандарттардың мазмұндық бөлігіне талдау жүргіздік, таяу уақытта оларды қайта қарау және талаптарды жаңарту бойынша МАК деңгейіне шығу бастамасымен.
Ғимараттарды, құрылыстарды тұрғызу және әртүрлі жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін пайдаланылатын құрылыс материалдары, бұйымдары Қазақстан Республикасында қолданылатын техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Бұдан басқа, олар "ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" және "лифт қауіпсіздігі" (КО ТР 011/2011) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңына (2-бап, 2-тармақ) сәйкес, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіреді.
Қайда жүгінуге болады?
- Жылу, су, газ, қоқыс шығару, абаттандыру мәселелері бойынша – қалалық/аудандық әкімдікке немесе Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына.
- Пәтер иелерінің кооперативіне (КСК), мүлік иелерінің бірлестігіне (ОСИ) жұмысына қатысты шағымдар – жергілікті әкімдікке немесе тұрғын үй инспекциясына.
- Домофон және басқа байланыс қызметтері бойынша – Байланыс және телекоммуникациялар комитетіне немесе қызмет көрсетуші компанияға ресми шағыммен.
Егер мәселе шешілмесе, сотқа немесе прокуратураға шағымдануға болады.
(«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңы)
Тұтынушылардың құқықтарының бұзылуы
Егер сатып алынған өнім сапасыз болса, сіз келесі құқтарыңыз бар:
- Бағаны төмендетуді талап етуге.
- Тауарды қайтарып, ақшаны қайтарып алуға.
- Тауарды ұқсас өнімге ауыстыруға.
- Кемшіліктерді тегін жоюға.
- Кемшіліктерді түзетуге кеткен шығындарды өтеуді талап етуге.
(Негіз: «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы« ҚР Заңының 7 және 15-баптары).
Азық-түлік сапасына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жауапты. Ол санитарлық нормалардың сақталуын бақылап, сатушыларға әкімшілік шара қолдана алады.
Егер сіз сапасыз өнімге шағымданғыңыз келсе, Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне жүгінуіңіз қажет. Бұл орган сатушыларға бұзушылықтар үшін айыппұл сала алады (негіз: ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы« Кодексінің 203, 425 және 701-баптары).
(1) «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы« ҚР Заңы. 2) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі)
Сапасыз азық-түлік тағамдары бойынша шара қолдану, сапасыз азық-түлік тағамдары, сапасыз тауар
1. Егер тауар ақаулы (сапасыз) болса:
Мұндай тауарды өндіруші немесе сатушы белгілеген кепілдік мерзімі ішінде қайтаруға немесе ауыстыруға болады. Егер кепілдік мерзімі көрсетілмесе, онда сатып алынған күннен бастап 2 жыл ішінде қайтаруға рұқсат етіледі. Қайтарылатын тауарда өндірістік ақау, бүліну немесе сипаттамаларға сай келмеу сияқты кемшіліктер болуы керек. Қайтару кезінде түбіртек немесе сатып алғаныңызды растайтын басқа құжат қажет.
2. Егер тауар сапалы, бірақ сізге сай келмесе:
Мұндай тауарды 14 күн ішінде, сатып алған күн есепке алынбай, қайтаруға немесе ауыстыруға болады. Бұл жағдайда тауар пайдаланылмаған болуы керек, сыртқы түрі, қаптамасы, жапсырмалары мен пломбалары толық сақталған болуы тиіс. Сондай-ақ сатып алынғанын растайтын құжат (түбіртек) қажет. Мысалы, тауар түсі, өлшемі немесе үлгісі бойынша сай келмесе, оны қайтаруға болады.
Маңызды: Қайтару немесе ауыстыру сатып алынған дүкенде жүзеге асырылады. Әр сатушының тауар қайтару шарттарымен алдын ала танысып алған жөн.
(«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңы)
Тұтынушылардың құқықтарының бұзылуы, таураларды кері қайтару мерзімі, таураларды алмастыру мерзімі, сапасыз тауар