ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАР ТАЛАПТАРЫН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

2016 жылдың 26 қаңтарында, техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті, Астана қаласыны ішкі саясат басқармасымен және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау» РМК-мен бірлесе отырып, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы. Жалпы техникалық шарт» 988-2007 ҚР СТ ұлттық стандарттың және жаңадан қабылданған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарт» 989-2014 ҚР СТ стандарттың, сонымен қоса олардың орналыстырылуы жөніндегі Ереженің талаптарын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге Ақмола гарнизонының әскери прокуратурасының, Ақмола көлік прокуратурасының, Әуе көлік прокуратурасының, қалалық прокуратуралардың, әскери құрамалардың, бөлімшелердің, Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің, мемлекеттік рәміздерді әзірлеушілердің өкілдері, және де Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасының авторы Мәлібеков Жандарбек Мәлібекұлы қатысты.
Астана қаласы ішкі саясат басқармасының мемлекеттік рәміздер, талдау және әдістемелік жұмыстар бөлімінің басшысы Қазақстан республикасы мемлекеттік рәміздерінің орналастырылу ережесін, ал «Қазахстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК сараптама бөлімінің басшысы мемлекеттік рәміздер жөніндегі Қазақстан Республиксының ұлттық стандарттары талаптарын түсіндірді.
Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік рәміздерді міндетті сертификаттауға жататын өнімдер тізбесіне енгізу мүмкіндіктері, қандай жағдайларда мемлекеттік рәміздерді орналастыру міндетті болатыны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері аясындағы заңнама бұзылған жағдайда, өндірушілер мен тұтынушылар үшін қандай әкімшілік жауапкершіліктер қарастырылатыны туралы тақыраптар көтеріліп, өзекті мәселелер талқыланды.
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасына талаптар орнататын жаңа стандарттың күшіне енуіне байланысты, осы стандарт талаптарына аса назар аударылып, тыңдаушыларға жаңа стандартпен ескі стандарттың айырмашылығы, оның қажеттілігі және әзірлену мақсаты түсіндірілді.
Өндірушілердің бірімен жаңа стандарт талаптарымен әзірленген Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы көрсетілді.
Отырыста Жандарбек Мәлібекұлы мемлекеттік рәміздердің Қазақстан халқы үшін маныздылығын айтып, отырысқа қатысушыларға, іс-шараны ұйымдастырушыларға патриоттық сезімді арттыру мақсатында осындай іс-шараларды мемлекеттік органдардың араснда ғана емес, қарапайм халық үшін де жиі өткізіп тұру керек деп, алғысын білдірді.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша пікір алмасулар болып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, қатысушыларға келешекте туындаған мәселелер бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне хабарласуға ұсыныс берілді.
