ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЛАР БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің мелекеттік инспекторларына арналған оқыту семинары өтті.
Семинардың мақсаты - техникалық реттеу және метрология саласындағы мамандардың кәсіби деңгейін арттыру болып табылады.
Бағдарлама аясында, «ҚазСтИн» Павлодар филиалының бас маманы Рымкеш Исина ЕАЭО шеңберіндегі техникалық реттеу саласындағы заңнамадағы жаңалықтар, жаңа шешімдер, техникалық реттеу саласындағы ЕЭК өкімдерімен таныстырды.
Семинар жұмысын Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Ольга Пчелкина жалғастырып, өнімнің (тауарлардың) тамақ өнімдерін шығаратын кедендік аумаққа кіру тәртібі туралы ережемен таныстырды.
Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау бөлімінің бастығы Роберт Юсупов Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексі шеңберінде тексерулер жүргізу тәртібі туралы айтып берді.
ҚР Кәсіпкерлік Кодексі, нормативтік-құқықтық актілер аясында тексеру іс-шараларының жүргізу тәртібі туралы ақпаратпен Қостанай бойынша прокуратурасынан аға прокуроры Әсел Ахметова таныстырды.
Сонымен қатар тыңдаушыларға «Бағалы металдар мен бағалы тастар туралы» ҚР Заңы және «ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР Конституциялық заңы түсіндірілді.
Семинар қорытынды бойынша тыңдаушыларға сертификат табысталды.