ҚАЗАҚСТАН МЕТРОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНДА ӨЛШЕМДЕР ТІЗБЕЛЕРІ АРҚЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ЖАҢА ҮЛГІСІ ЖӘНЕ КАЛИБРЛЕУДІ ЕНГІЗУ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚАЗАҚСТАН МЕТРОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНДА ӨЛШЕМДЕР ТІЗБЕЛЕРІ АРҚЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ЖАҢА ҮЛГІСІ ЖӘНЕ КАЛИБРЛЕУДІ ЕНГІЗУ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазақстан метрология институтында өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі заңнамадағы өзгерістерді түсіндіру бойынша семинарда Өлшемдер тізбелері арқылы мемлекеттік реттеудің жаңа үлгісі және калибрлеуді енгізу талқыланды.

Семинарды аша отырып «ҚазМетрИн» РМК бас директорының орынбасары Д. Шәріпов  мемлекеттік органдар жүргізілетін өлшемдерді талдау және Өлшемдер тізбелерін қалыптастыру бойынша көлемді жұмыс атқарулары тиістігін атап өтті. Осыған байланысты ол ұйымдарға осы Тізбелерді құруға белсенді қатысуға және мемлекеттік органдарға көмек көрсетуге ұсыныс жасады.

«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында заңнамадағы жаңалықтар және мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбелері» тақырыбында «ҚазМетрИн» РМК бас директорының орынбасары Б. Мұхамеджанов сөз сөйледі.

Бауыржан Мұхамеджанов  заңнамадағы соңғы өзгерістер аясында «заңнамалық метрология саласында сынақ зертханаларын аккредиттеу кезінде ИСО/МЭК 17025 қолдану тәртібін айқындайтын құжатты әзірлеу қажеттілігі барын»  мәлімдеді.

Калибрлеуді енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу қажеттігін «Қазақстандық сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Д. Сүтемгенов атап өтті.

Семинарға «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС өкілдері қатысты, олар өз кезегінде Қазақстанда калибрлеуді уақытылы дамытуды атап өтті. Олардың пікірінше,  калибрлеуді дамыту өлшем құралдарын пайдаланушылардың жауапкершілігін арттырады және мемлекет тарапынан барлық жерде бақылаудан кетуге мүмкіндік береді.

Өлшемдер тізбелерін енгізумен бірге, Заңды іске асыру мақсатында әзірленген нормативтік құқықтық актілер талқыланды.

«ҚазМетрИн» РМК басқарма басшысы Д. Жұмақаева түсіндіргендей, Өлшемдер тізбелерін қалыптастыру тәртібін белгілейтін НҚА-ны қоспағанда, НҚА көпшілігі қолданыстағы ұлттық стандарттар мен ЕЭК құқықтық актілерінің негізінде әзірленген.

Бүгінгі күні НҚА көпшілігі ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің және «Электрондық үкімет» (egov) интернет-порталдарында орналастырылған.

Әзірленген НҚА 2019 жылғы сәуірде Заңның қолданысқа енуімен бір мезгілде енгізіледі.

Семинарға қатысушылар сонымен бірге, салыстырып тексеру таңбаларын дайындауға қойылатын талаптарды белгілейтін НҚА өзгерістерімен және «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде әзірленген салыстырып тексерілетін өлшем құралдарын электрондық  есепке алуды енгізумен танысты.

«Салыстырып тексерілетін өлшем құралдарын электрондық есепке алу» ақпараттық жүйесі барлық мүдделі тұлғаларды бір платформада біріктіреді. «ҚазМетрИн» РМК зертханасының меңгерушісі Ж. Таушев айтып өткендей, жаңа салыстырып тексеру таңбалары салыстырып тексеру зертханасы, салыстырып тексеру туралы сертификат жайлы ақпаратты және QR-кодты пайдалану арқылы басқа да ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

Жалпы енгізілетін өзгерістер бизнеске жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді, өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ өлшеу нәтижелерін халықаралық деңгейде тану үшін жағдай жасайды.

 

Анықтама:2018 жылғы 5 қазанда Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 11 сәуірде күшіне енеді.

 

Новую модель государственного регулирования через Перечни измерений и внедрение калибровки обсудили в Казахстанском институте метрологии

Новую модель государственного регулирования через Перечни измерений и внедрение калибровки обсудили в Казахстанском институте метрологии