ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ МЕТРОЛОГИЯ

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамадағы, мемлекеттік реттеуге жататын өлшем тізбелері туралы, өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі заңнамаға өзгерістерді іске асыру үшін әзірленген нормативтік құқықтық актілер туралы, салыстырып тексеру таңбаларын дайындаудағы құқықтық өзгерістер туралы және салыстырып тексерілетін өлшем құралдарын электрондық есепке алуды енгізудегі өзгерістер туралы жаңалықтар "ҚазМетрИн" РМК өткізетін семинар бағдарламасына айналды.
Семинарға Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкерлері, институт филиалы, аккредиттеу субъектілері қатысты.
Семинар барысында институт өкілі соңғы өзгерістерді жүзеге асыруда нормативтік құжаттарды әзірлеу қажеттілігі туралы айтты, өлшем тізбесін дайындауда мемлекеттік органдарды пысықтау және белсендіру қажеттілігі туралы атап өтті, сондай-ақ цифрландыру бағдарламасы шеңберінде әзірленген салыстырып тексеруші таңбаларды дайындауға және салыстырып тексеруші өлшем құралдарының электрондық есебін енгізуге қойылатын талаптардың өзгерістері туралы айтты.
Нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістерді талқылау қорытындысы бойынша нәтижелі пікір алмасу өтті, семинарға қатысушылар қойылған сұрақтарға жауап алды.