ҚАПТАЛҒАН АУЫЗ СУДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

 ҚАПТАЛҒАН АУЫЗ СУДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасын түсіндіру мақсатында «DDV-TRADE» ЖШС-де семинар өткізді.

Компанияның негізгі қызметі тұтынушыларға бөтелкедегі суды өндіру және сату болып табылады. Адам үшін су үлкен рөл атқарады, өйткені біз сексен пайыз судан тұрамыз. Сондықтан ауыз судың сапасы адамның және барлық тірі тіршілік иелерінің қалыпты өмір сүруі үшін өте маңызды. Біздің ағзамыз үшін осындай маңызды затты өндіруді міндетті түрде мемлекет реттейді.

Кездесу барысында қатысушыларға 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Еуразиялық экономикалық одағының 044/2017 «Табиғи минералды суды қоса алғанда, қапталған ауыз судың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптары түсіндірілді. Техникалық регламент қапталған ауыз суға: табиғи минералды суға, оның ішінде ас, шипалы - ас және шипалы суға, сондай-ақ купаждалған, өңделген, табиғи, балалар тағамы үшін және жасанды минералданған ауыз суға қолданылады. Қапталған ауыз су мақсаты бойынша пайдалану кезінде оның жарамдылық мерзімі ішінде және сақтау шарттары сақталған кезде адамның өміріне немесе денсаулығына зиян келтірмеуі тиіс. Ауыз сумен оны өндіру, сақтау, тасымалдау және өткізу процесінде жанасатын материалдар тамақ өнімдерімен жанасатын материалдардың қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуы қажет.  Ауыз су қаптаманың өзінің бүтіндігін айқын бұзбай немесе осы қаптаманы жабатын құрылғымен қаптаманың ішіндегісіне қол жеткізу мүмкіндігін болдырмайтындай етіп қапталуы міндетті.

Мамандар кәсіпорынның өкілдеріне қапталған ауыз судың таңбалануына, жарамдылық мерзіміне және сәйкестігін бағалауға қатысты сұрақтарға түсініктеме берді.