АЛМАТЫДА ІРІ ЖАНАР-ЖАҒАР МАЙ ҚҰЮ СТАНЦИЯЛАРЫНЫҢ ЖЕЛІЛЕРІНДЕ ТОЛЫҚ ТОЛТЫРМАУ АНЫҚТАЛДЫ

АЛМАТЫДА ІРІ ЖАНАР-ЖАҒАР МАЙ ҚҰЮ СТАНЦИЯЛАРЫНЫҢ ЖЕЛІЛЕРІНДЕ ТОЛЫҚ ТОЛТЫРМАУ АНЫҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті Техникалық реттеу саласында бару арқылы профилактикалық бақылау субъектілерінің тізімі негізінде азаматтардың мүдделерін өлшеулердің дұрыс емес нәтижелерінің салдарынан қорғау мақсатында, метрология және Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына тексеруге сәйкес 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында "Sinoil" ЖШС АФ ЖМС желісінде автомобиль бензині мен дизель отынын босату қызметіне тексеру жүргізілді.

Осылайша, сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын тауарлардың санына Мемлекеттік метрологиялық бақылау жүргізу кезінде:

- №23 ЖҚС-да, Алматы қ., Әуезов ауданы, Төле би к-сі, 305 Б № 4 ТРК АИ-92 маркалы автомобиль бензинін 20 литрге босатып, 125 мл-ге толық толтырмау анықталды;

- №10 ЖҚС-да, Алматы қ., Әуезов ауданы, Ақсай-3а ш.а., Төле би к-сі, 83 № 1 ТРК АИ-95 маркалы автомобиль бензинін 20 литрге босатып, 130 мл-ге толық толтырмау анықталды;

- №10 ЖҚС-да, Алматы қ., Әуезов ауданы, Ақсай-3а ш.а., Төле би к-сі, 83 № 5 ТРК АИ-92 маркалы автомобиль бензинін 20 литрге босатып, 200 мл-ге толық толтырмау анықталды.