ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ, МЕТРОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ САЛАСЫНДА БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

2019 жылдың мамыр айының 13-15 аралығында Ақтау қаласында Маңғыстау облысының мекемелері мен ұйымдарының 90-нан аса өкілінің және Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мамандарының қатысуымен техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесі саласында жұмысшыларды дайындау және біліктілігін арттыру семинары өткізілді.
Семинар барысында басты тақырыптардың бірі ЕАЭО аясындағы мәмілелер, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құралдарға қатысты талаптар (ЕАЭҚ ТР 043/2017) және жанармай ретінде пайдаланылануға болатын сұйылтылған көміртекті газдарға қатысты (ЕАЭҚ ТР 036/2016) техникалық регламенттерін пайдалану ерекшеліктері туралы болды.
Дәріскерлер сұйылтылған көмірсутекті газдардың өндірісі, сақтау, тасымалдау, сату және жою (қайта өндіру) үдерісіндегі талаптары жөнінде; өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өрт сөндіруге арналған құралдардың сәйкестігін қамтамасыз ету, оларды сәйкестендіру туралы толықтай түсініктеме берді.
Семинар барысында департамент мамандары Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» жаңа заңы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қосымша ақпараттар ала отырып, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге қатысты тексеру және салыстырып тексеруге жататын өлшем құралдарының тізімдемесін талқылады. Сондай-ақ, мемлекеттік инспекторлардың қойған сұрақтары пікірталас форматында қарастырылды.
Семинар соңында Департамент мамандарына біліктілігін арттырғаны туралы сертификаттар берілді.