«ЕУРО-4» ЖӘНЕ «ЕУРО-5» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КЛАСТАРЫ БОЙЫНША ИМПОРТТАЛҒАН АВТОКӨЛІКТЕРДІҢ СӘЙКЕСТІГІН АНЫҚТАУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОҚУ ӨТКІЗІЛДІ

«ЕУРО-4» ЖӘНЕ «ЕУРО-5» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КЛАСТАРЫ БОЙЫНША ИМПОРТТАЛҒАН АВТОКӨЛІКТЕРДІҢ СӘЙКЕСТІГІН АНЫҚТАУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОҚУ ӨТКІЗІЛДІ

Өскемен қаласында ҚР ИИДМ Техниқалық реттеу және метрология комитетінің Шыгыс Қазақстан бойынша департаментің қызметкерлері техникалық регламенттер мен талаптары мен сәйкестікті бағалау құжаттарына сәйкес келмейтін көлік құралдарының айналымын болдырмау мақсатында импортталған автокөліктердің Еуро-4 және Еуро-5 экологиялық класына сәйкестігін анықтау бойынша дайындықтан өтті.

Оқыту «МАЙ» АҚ өндірістік базасында негізінде «Almaty autocentre KAMAZ» өкілі Григорий Бондарьдың басшылығымен өтті.

Көлік құралдарының 4 және 5  экологиялық кластарын анықтау бойынша алгоритм қарастырылды. ЕУРО-4 және ЕУРО-5 стандарттарына қол жеткізуге әсер ететін көлік құралдарының негізгі компоненттерінің орналасу схемасы көрнекі түрде көрсетілді. Маман SCR пайдаланған газды тазарту жүйесінің, AdBlue шашу жүйелерінің ерекшеліктері,  автомобиль өндірушілерінің осы жалған жүйені орнату мүмкіндіктері туралы айтты.

Тренинг сұхбат форматында өткізіліп, онда қатысушылар өз сұрақтарына жауап алу мүмкіндігіне ие болды.   Нәтижесінде департамент мамандары импортталатын автокөліктердің Еуро-4 және Еуро-5 экологиялық кластарына сәйкестігін анықтауда кәсіби деңгейін арттырды.

Қазіргі уақытта мамандар «Майқапшағай» және «Бақты» кеден бекеттерінде декларацияланған автокөліктердің сәйкестікті бағалау туралы ұсынылған құжаттарға сәйкестігін анықтау үшін отыздан астам көлік құралдарының кедендік ресімдеуіне қатысқан.