ҮРМЕЛІ АТТРАКЦИОНДАРДЫ (БАТУТТАР) ҚОЛДАНУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ

Ағымдағы жылдың 29 мамырында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті бастамасымен Орал қаласы әкімінің орынбасары Доля Сергей Евгеньевичтің басшылығымен үрмелі аттракциондарды (батуттар) қолдану кезіндегі қауіпсіздік мәселелері жөнінде жиналыс өтті.
Жиналысқа Орал қаласының төтенше жағдайлар басқармасы және Орал қаласы полиция басқармасы, сонымен қоса аттракциондық-батут иелері мен өкілдері қатысты.
Бүгінгі күнге дейін қала бойынша 17 аттракциондық-батут жұмыс атқаруда. 12 аттракциондық батутты қала шегінде орналастыру қалалық әкімдікпен келісілген, ал 5 аттракциондық батут ойын-сауық орталығының әкімшілігімен орнатылған келісім-шарт негізінде жұмыс атқарып жатыр.
Бөлім басшысы – Батыс Қазақстан облысының мемлекетік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары Жанахын Тыгынбаев Еуразиялық экономикалық одақ «Аттракциондар қауіпсіздігі туралы» (ТР ЕЭО 038/2016) техникалық регламентін түсіндірді. Ол Еуразиялық экономикалық одақтың жаңа техникалық регламентінде феррон дөңгелектер, катапультер, бұрылыстар, картингтер, үрленетін батуттар, электромобильдер, су жолақтарына және көптеген басқа ойын-сауық механизмдері қатысты негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтамаған жағдайда жарақат алу қаупіның болатындығын.
Аттракционға кірер кезде қолдану ережелері мен шектеулер көрсетілген стенд міндетті түрде болу қажет. Мысалы, биомеханиканың денсаулығында ақаулары бар адамдарға жанама әсерлері болады. Бой және салмақ бойынша шектеулер орнатылған жерлерде бой өлшеуіш пен таразының болуын үнемі қадағалауда ұстау. Механизм жұмысының бұзылу кезінде тез арада ескерту мүмкіндігі болу үшін, барлық ойын сауық объектілері сигнал беру қондырғысымен қамтамасыз етілу керек. Сонымен қоса аттракционның алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмектері бар дәрі қобдишасымен болу міндетті.
Техникалық регламентте балаларға арналған аттрациондар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар айқын көрсетілген. Жобалаушы және дайындаушы баланың жасы мен ерекшелігіне қатысты қосымша қатерлерді есептеуі қажет: физиологиялық, психологиялық, антропометрикалық. Барлық ықтимал қауіпті жерлерде аттракциондар таяныштармен және қоршаулармен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл ретте конструкция балаларға тұруға немесе отыруға мүмкіндік бермеуі тиіс. Егер ол бүлінген болса, жабдықтың жұмысын дереу тоқтату керек.
ЕЭО техникалық реглемент талаптарында аттракционның иесі күн сайын техникалық жағдайын қадағалап, оны жұмыс жорналына белгілеп, тек қана майлау және реттеу емес, тұрақты түрде алдын алу шараларын, сонымен қоса мамандандырылған дефектоскопиялық тексіріс жүргізуі тиіс.
ЕЭО-тің әрбір елінде ұлттық заңнама бойынша уәкілетті мемлекеттік мекеме жүргізетін тұрақты түрде мемлекеттік бақылаудың міндеттілігін, сонымен қоса аттракциондар күнделікті және жыл сайынғы тексеруден өтуі тиіс екендігін атап өтті.
Сондай-ақ Орал қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Ешмуханов Амангельди Махметович техниканың қауіпсіздік ережесіне сәйкес желдің күші жоғарлаған жағдайларда батуттардың қызметі тоқтатылатындығын, дегенмен кәсіпкерлерге үрмелі батуттардағы қатерге жол бермеу, оның алдын-алу бағытында күнделікті жай-күйін қадағау үшін бірнеше кеңестер берді.
Өткізілген жиын нәтжесінде кәсіпкерлер қажетті ақпараттары бергендері үшін мемлекеттік мекеме өкілдеріне алғысын білдіре отырып, алдағы уақытта аттракциондарды қолдану кезінде техникалық регламенттің барлық талаптарын қатаң назарға алатындықтарын атап айтты.