КӨЛІК ҚҰРАЛЫНЫҢ СӘЙКЕСТІГІ

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Бауыржан Касымов, Нуржан Сатыбалдинов және Сергей Ганджук «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 018/2011) Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасына әкелінетін N3 санаттағы көлік құралдарының 4 және 5-ші экологиялық кластағы сыртқы белгілеріне сәйкестігін анықтау алгоритмінде оқытылды.
Оқу «Қарағанды сервистік орталығы КАМАЗ» ЖШС-нің базасында өтті.
Қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Дмитрий Миляков КАМАЗ маркілі автомобилінде негізгі автомобильдік компоненттерінің орналасуындағы Еуро-4 және Еуро-5 өлшеміне жеткізетін әсерлерді айқын анықтап көрсетіп және түсіндіріп берді.
Өз кезегінде, Департамент басшысы Техникалық реттеу және метрология комитетінің ішкі нарыққа сәйкес емес көлік құралдарын импорттаудан қорғау жөніндегі қабылдаған шараларының өзектілігін атап өтті.