ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ШТАБТЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ШТАБТЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2019 жылдың 21 маусымында ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті және «ҚазСтИн» РМК Қостанай филиалы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында техникалық реттеу бойынша өңірлік штабтың отырысын ұйымдастырды.

Кездесуге қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарының, министрліктердің аумақтық бөлімшелерінің өкілдері, Қостанай және Рудный қалаларында қалалық мәдениет және демалыс саябақтарының өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Облыстық штабтың отырысында келесі мәселелер талқыланды:

1. Еуразиялық экономикалық одақтың «Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің жалпы ережелері;

2.ҚР СТ 3359-2019 «Аттракциондардың қауіпсіздігі. Аттракциондарды пайдалануға беру және оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары» ұлттық стандартын негізгі талаптарлары.

Барлық қатысушыларға ҚР СТ 3359-2019 «Аттракциондардың қауіпсіздігі. Аттракциондарды пайдалануға беру және оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары» негізгі талаптары түсіндірілді.

Өңірлік штаб отырысы барысында нәтижелі пікір алмасу болды, барлық проблемалық мәселелер хаттамаға енгізілді, олар мемлекетаралық деңгейде шешім қабылдауды қарау үшін Техникалық реттеу комитетіне жіберілетін болады.