«МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ТӘУЕЛСІЗДІК МАҚТАНЫШЫ»

Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді.
Тәуелсіз мемлекеттің барлық кезеңінде мемлекетіміздің егемендігін, еркіндігін бейнелейтін Мемлекеттік рәміздер – ту, елтаңба, гимн. Барлығына аян, Қазақстан 1991 жылы желтоқсан айында дербес мемлекет мәртебесін иемденді. Сондай-ақ, сол мезетте мемлекет алдында өзіндік Мемлекеттік рәміздерін – ту, елтаңба, гимн жасақтау мәселелері туындады. 1992 жылы Елбасшымыз «ҚР мемлекеттік туы туралы», «ҚР мемлекеттік елтаңбасы туралы», «ҚР мемлекеттік әнұранының ырғақтық редакциялануы туралы» қаулы қабылдады. 1992 ж. 6 маусымында Алматы қаласы Мемлекеттік Абай атындағы опера және балет театрында тәуелсіз Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері баршаға таныстырылып, салнатты тұсаукесері өткізілген болатын. Дәл сол күні жаңа туымыз мемлекет басшысының резиденциясында және ҚР Парламент үйінде көтеріліп, көк аспанда желбіреді. Республикамыздың мемлекеттік рәміздерін жасақтау үшін көптеген адамдардың ерен еңбектері мен білімін қажет еткенін бірі білсе, бірі білмес.
ҚР СТ 989-2008 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы. Нысаны, өлшемдері және техникалық талаптар» ұлттық стандартының қолданыста болған бес жылында Мемлекеттік Елтаңбаның техникалық параметрлерімен оның түсінің орындалуын бақылауға қатысты кемшіліктер анықталды. Сол себепті, аталған стандарттың ережелерін қайта қарау қажеттілігі туындады.
Осы орайда, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитеті төрағасының 2015 жылғы 14 тамыздағы № 158-од бұйрығымен, ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы. Техникалық шарттар» ұлттық стандарты бекітіліп, қолданысқа енгізілді.
Ал, ҚР СТ 989-2008 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы. Нысаны, өлшемдері және техникалық талаптар» ұлттық стандартының қолданысы 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап тоқтатылады.
Бүгінде Қазақстанымыздың мемлекеттік рәмідеріне 25 жыл толып, мерейтой атап өту жоспарлануда. 2017 ж. Елордамыз Астана қаласында өткізілетін халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамудың жаңа үрдістерін қалыптастыру алаңы қызметін атқаратын болғандықтан барша келген өкілдер мемлекетіміздің рәміздерін назарға алып, әлемдік деңгейде таныса екен деген тілек бар.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы стандарттарды білу, елтаңбаны, гимнді және туды дұрыс орналастыру және қолдану Қазақстан Республикасының әрбір азаматының заңнамалық білімділігінің іргетасы болып табылады.