МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРГЕ АРНАЛҒАН ЗАҢ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАР ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

 МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРГЕ АРНАЛҒАН ЗАҢ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТТАР ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

2019 жылдың30шілдеМаңғыстау ауданында үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен Маңғыстау ауданы әкімдігінің мәжіліс залында, Маңғыстау ауданының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері  туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Ұлттық стандарттар талаптарын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департамент мамандары «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы. Жалпы техникалық шарттар», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы. Техникалық шарттар», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы салынған мөр. Техникалық талаптар» ұлттық стандарттардың талаптары туралы баяндамалар слайдпен безендіріліп көрсетілді.

Сонымен қатар, отырыс барысында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы. Техникалық шарттар»  ҚР СТ 989-2014  ұлттық стандартына стандарттың барлық мәтінінде «ҚАЗАҚСТАН» деген жазуды «QAZAQSTAN» латын графикасында жазу бөлігінде өзгеріс енгізілгені туралы, бұрын дайындалған және орналастырылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбаларын ауыстырудың өтпелі кезеңдері туралы түсінік берілді.

Отырыс пікір алмасу форматында өтіп, қойылған сұрақтарға тиянақты жауаптар алынды.