СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫ

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫ

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің  Атырау облысы бойынша департамент басшысының 16.01.2017ж. №4 н/қ бұйрығымен бекітілген, 2017 жылға арналған техникалық оқу жоспарына сәйкес, 2017 жылғы 26 қазан күні   Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Лұқпанова Динара Нұрланқызының  қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары» тақырыбында техникалық оқу өтті.

Техникалық оқудың мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениеттілігін  арттыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және мониторинг жүргізудің басты мақсаты мен қағидалары. 

Оқу барысында Лұқпанова Динара сыбайлас жемқорлыққа қатысты бейне-роликтерді көрсетіп, әлемнің дамыған 30 еліне кіру мақсатына жету үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте күшімізді біріктіруіміз керектігіне тоқталып, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясында көрсетілгендей, жетістікке жету сыбайлас жемқорлыққа қарсы біртұтас ағза секілді күрескен кезде ғана мүмкін екендігі туралы айтты.

Шара соңында Департамент басшысының м.а. Асыл Иманғалиева сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманына алғысын білдіріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға барлығымыз ат салысу қажет екендігімізді атап өтті.