ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САПА КҮНІ

2017 жылдың 09 қараша айында сағат 11-00де ОҚО Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының конференц залында Шымкент қ, Нұрсәт м/а, Бәйдібек би көш, 32, КҚО ғимараты (1 қабат, мәжіліс залы) Техникалық реттеу және метрология Комитетінің ОҚО бойынша Департаменті, Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасымен және «ҚазСтИн» РМК ОҚФ ОҚО бірлескен дөңгелек үстел өткізілді. «Дүниежүзілік сапа күні» жыл сайын қараша айының екінші бейсенбісінде атап өтіледі, 2017 жылы бұл сан қараша айының 9-шы күніне түсіп тұр. Дүниежүзілік сапа күні 1989 жылы құрылған. Осындай мерекенің құрылуына БҰҰ-ның қолдауымен ірі халықаралық ұйымдары бастамашылық жасады. Бұл мереке алғашқы рет 1989 жылдың 9 қарашасында аталып өткен.
«Дүниежүзілік сапа күні» мерекесінің ең басты мақсатын ұсынылатын өнім және қызметтің қоғамда кеңінен таралатын сапаға қатысты мәселелерге көңіл аудару депте атауға болады.
Техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша департаменті
