ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ КАДРЛАРДЫ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛГІН АРТТЫРУ

Ағымдағы жылдың 26-28 маусым аралығында Талдықорған қаласында «техникалық реттеу және метрлогия саласындағы кадрларды қайта даярлау және біліктілгін арттыру» семинары өтті.
Семинардың басты мақсаты: мамандардың кәсіби деңгейін арттыру, техникалық реттеу саласындағы және өлшем бірлігін тиімді мемлекеттік бақылау жүйесін дамыту.
Семинар бағдарламасымен қамтылды:
- техникалық реттеу және метрология саласындағы негізгі басым бағыттарының ерекшеліктері;
- ЕЭО – ғы өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық реттеу және стандарттаудың жаңартуы;
- нарықты қадағалау моделінің халықаралық тәжірибесінің зерттеу;
- халықаралық және ұлттық заңнама саласындағы асыл тастардан зергерлік және басқа да бұйымдарды, қымбат бағалы металдардан және қымбат бағалы тастарды қолдану;
- іскерлік этиканы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
Семинар лекциялар, іскер ойындар және үй тапсырмалары түрінде өтті.
Семинардың соңында сертификаттар берілді.