«БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ 2020» БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ БІРЫҢҒАЙ БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ЖЕҢІМПАЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК, «Қазақстан метрология институты» РМК және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС және Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен бірлесе отырып, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамыту бірыңғай бағдарламасы шеңберінде «Жумат» ЖК (креатив мектебі), «Асани Инесса» ЖК (мозаикалық плита өндірісі) және «Sempre» ЖШС (абажурлар өндірісі) сияқты мемлекеттік грант жеңімпаздарымен кездесу өткізді. Кездесу қатысушылары техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру бойынша кең сұрақтар көлемін, және де күрделі мәселелерді анықтап оларды шешу жолдарына көмек көрсету жолдарын талқылады. Келіссөз барысында отандық өндірушілерге техникалық реттеу және метрология саласындағы мәселелерін шешуге және жоғары өнеркәсіптілік пен басекеге қабілетті кәсіпорын құруға барынша қолдау көрсету сұрақтары талқыланды. Кездесу соңында Техникалық реттеу және метрология комитеті Департаменті және ведомстваға бағынысты ұйымдардың өкілдерімен кәсіпорынның метрологиялық қамтамасыз ету, ұйым стандартын әзірлеу тәртібі, дайын өнімді заттаңбалау, өнімді сертификаттау, қызметті стандарттау бөлігінде ҚР заңнама талаптары түсіндірілді.
Сондай – ақ жеңімпаздарға өнімді каталогтау, өнімді сынау және техникалық реттеу және метрология саласында мамандарды оқыту бойынша ұсыныстар берілді.