«ДОС ИНЖИНИРИНГ ЛТД» ЖШС-ДЕ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛГЕН ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«ДОС ИНЖИНИРИНГ ЛТД» ЖШС-ДЕ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ САЛАСЫ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛГЕН ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент қызметкерлері 2017 жылдың 22-ші қыркүйегінде, «Дос Инжиниринг ЛТД» ЖШС-де департаментінің  қызметіне қатысты қолданыстағы заңнамалар мен нормативтік актілер талаптарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін аралады.

«Дос Инжиниринг ЛТД» ЖШС-гі мұнай өндіретін мекемелерге көпсалалы қызмет көрсететін мекеме болып 2007 жылдың қараша айында құрылды.

Лицензиялық қызмет түрінің құрамы келесідей тізімнен құралған:

мұнай және газды, мұнайконденсатын өңдеу;

кен орындарында техникалық жұмыстарды жүргізу;

мұнай және газ ұнғымаларын бұрғылау;

ұңғыманы жерасты және күрделі жөндеу, қондырғыларды қайта жөндеу;

ұңғымаларды жөндеуден кейінгі сынау;

ұңғымаларды барлау және цементтеу;

ұңғымалардың өнімділігін арттыру, мұнай беретін қабатты жоғарылату;

ұңғымаларды консервілеу.

«Дос Инжиниринг ЛТД» ЖШС мемемесі мемлекеттік лицензиясы негізінде Құмкөл, Қызылқия т.б. кен орындарындағы ұңғымаларға күрделі жөндеу жұмыстарын жасайды.

Сонымен қатар, «Дос Инжиниринг ЛТД» ЖШС-гі 2012 жылдан бастап арнайы және жүк көтергіш техникаларды жалға беру қызметін көрсетеді.

Мекеменің қондырғылары:

1.     КПРС көтергіштер

2.     Жарылсқа қарсы превентор ПВО

3.     Штангалы ПВО

4.     Экологиялық ыдыс

5.     Генератор

6.     Бу қондырғысы

7.     Насос станциясы

8.     Автоцистерна

9.     Учаскіде орналасқан өндірістік база

10.   Ұстағыш қондырғысы

11.   Транспорт

12.   Жеке қорғану құралдары

2010 жылдың желтоқсан айында мекеме сапа менеджмент жүйесі бойынша оқудан өтіп, ҚР СТ ИСО 9001-2009, ҚР СТ ИСО 14001-2006, OHSAS 18001-2008 «Сәйкестік сертификаттарын» алды.

Департаменттің қызметкерлері «Дос Инжиниринг ЛТД» ЖШС мемемесінде Кеден одағы (ЕЭАО)  техникалық регламенттерінің  және басқа да  нормативтік актілер  талаптарын түсіндіріп өтті. Аралау барысында техникалық реттеу, метрология ЕАЭС техникалық регламенті және т.б нормативтік құжаттардың талаптары бойынша түскен сұрақтарға толық және тыңғылықты жауаптар берілді.