ТРМК АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ ІШКІ НАРЫҚТА ЖЕТКІЗУШІЛЕРДІҢ САПАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

2018 жылдың 21 ақпанында техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Ішкі нарықта жеткізушілердің сапасы» индикаторының деңгейін жақсарту бойынша Алматы қаласының қауымдастықтарымен жиналыс өткізді.
Жиналысқа «Қазақстан машина жасаушылар Одағы» ЗТБ, «Қазақстан Республикасының жиһаз және ағаш өңдеу кәсіпорындарының Қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстан Республикасы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындар Қауымдастығы» ЗТБ, сонымен қоса Алматы қаласының Кәсіпкерелер палатасының, «ҚазСтИн» РМК ОФ, «ҚазМетрИн» РМК ОКФ, «ҰАО» ЖШС Алматы қаласы бойынша өкілеттілігінің өкілдері қатысты.
ТРМК Алматы қаласы бойынша департамент басшысы индикаторларды жақсарту бойынша жүргізілген жұмыстар мен ТРМК техникалық реттеу, метрология және аккредиттеу саласындағы соңғы үш жылда жеткен жетістіктері жайлы ақпаратты айтып өтті.
Талқылау барысында ұйымдастырушылар қатысушылардың сұрақтарына жауап берді және қауымдастық өкілдеріне осы индикатордың деңгейін жақсарту бойынша Алматы қаласының салалық кәсіпорындарға ақпаратты жеткізу ұсынылды.