КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ ӨНІМНІҢ СӘЙКЕСТІГІН РАСТАЙТЫН ОРГАНДАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Алматы қаласында ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғалымжан Дұғалов өнімдердің сәйкестігін растайтын органдардың өкілдерімен кездесті.
Кездесуге аккредиттеу саласының, сынақ зертханаларының, Техникалық реттеу және метрология комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының «ҰАО» ЖШС «ҚазМетИн» РМК және «ҚазСтИн» РМК Алматы қаласы бойынша департамент өкілдері қатысты.
Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғалымжан Дұғалов ТРМК жүйесінің мақсаты - өнімнің толық құнды нарығын құру екенін түсіндірді.
Белгілі болғандай, қазіргі таңда Одақ шеңберінде барлық өнімнің шамамен 70%-ын реттейтін 46 техникалық регламент қабылданды. Бұл азық-түлік және химия өнімдері, темір жол көлігі, автомобильдер, ойыншықтар және т.б. техникалық регламенттер.
Бірақ, Одаққа мүше мемлекеттердегі бірыңғай техникалық регламенттерді іске асыру өте маңызды процесс. Бұл сертификаттау жөніндегі органдарды аккредиттеу, қажетті стандарттарды әзірлеу, тиімді мемлекеттік бақылау жүргізу, кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Сонымен қатар, Ғалымжан Дұғалов техникалық регламент нормаларын толық енгізу үшін сертификаттау органдарының, сынақ зертханаларының белсенді жұмысын жандандыру мақсатында отандық тауар өндірушілердің және импорттаушылардың қажетті базамен қамтамасыз етілгенін атап өтті.
Маңызды міндеттерді бірі Одақтың техникалық регламенттерін мүше мемлекеттерде тең жағдайда қолдану. Осы мақсатта Одақ аясында мемлекеттік қадағалау саласында үйлестіру қағидаттары мен тәсілдері туралы Келісім әзірленді және талқылануда, - деп атап өтті комитет басшысы.
Сонымен бірге, бірлескен жұмыс нарықтағы қауіпті өнімдерді анықтаудың жүйелі тәсілін және тиімділігін қамтамасыз ететіндігін, алцифрлық ақпараттық жүйе оны дер кезінде жүзеге асыруға және тұтынушыларға анықталған қауіпті өнімдер туралы хабардар етуге мүмкіндік беретінін айтты.
Осылайша, қазақстандық тараптың ұсынысы бойынша, сәйкестікті растау процесінің фото және бейне жазбаларын қолдану туралы нормаларды енгізу туралы мәселе пысықталуда.
Қазіргі таңда ЕЭК одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді анықтау кезінде бақылау (қадағалау) уәкілетті органдарының іс-қимыл тәртібін көздейтін бірқатар ұсынымдар әзірледі және талқылау жүргізеді.
Жалпы алғанда, ЕЭК шеңберінде Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің бірыңғай талаптарға өтуі Одақтың техникалық регламенттерін қолдануға байланысты барлық функциялар мен міндеттерді үйлестіруді білдіреді. Бұл стандарттау, аккредиттеу, өлшемдердің бірліктерін қамтамасыз ету және міндетті талаптарға сәйкес келмейтін өнімдерді өндіру үшін мемлекеттік бақылау (қадағалау) және жауапкершілік қағидаттарын сәйкетендіру сияқты халықаралық салаларда танылған практикаға көшу.
Сонымен бірге Ғалымжан Дұғалов ЕЭК алаңында мемлекеттік орган өкілдерінің, бизнас-ортаның, аккредиттелген ұйымдардың қатысуымен осы мәселелерді кешенді талқылау үшін 5 консультативтік-кеңестік орган құрылды деді. Бұл профильді шағын комитеттер.
«Әрине, бизнестің бірлескен жұмысы барлық бағыттар бойынша жүргізіледі және біз аккредиттеу субъектілерін осы жұмысқа белсенді түрде қатысуға шақырамыз, өңірлік аспектілерде мұндай жұмыс әкімшіліктердің жанынан құрылатын 16 өңірлік штаб шеңберінде және орталық деңгейде, Еуразиялық деңгейде қабылданған барлық шешімдер экономикалық комиссиясы ТРМК алаңында бизнес және ҰКП-мен пысықталады және талқыланды», - деді Ғ.Дұғалов.
Өзгерістерге қарамастан, қойылған міндетттерге қол жеткізу үшін техникалық реттеу, стандарттау, метрология, аккредиттеу және сәйкестікті бағалау- жүйесінің негізгі блоктарын бір платформаға біріктіретін, E-ТРМК Бірыңғай электрондық жүйесінің дерекқорлары бар цифрлық түрлендіру қажет.
Пікір қалыптастыру, сондай-ақ кең ауқымды қамту және жүйеге қатысушыларды тарту мақсатында әлемнің кез-келген жерінен интернет желісіне шығуда, стандарт жобаларын талқылау бойынша ашық жағдайлар жасалатын, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің жұмысын е-ТК порталын құрау арқылы автоматтандыру жоспарлануда. Нәтижесінде қазақстандықтар өз смартфонының көмегімен стандарттарға еркін қол жеткізе алады.
Ғ. Дұғалов, өнім қауіпсіздігі субъектілерді техникалық реттеу және мемлекеттік бақылау объектілеріне мониторинг жүргізу жолмен қамтамасыз етілетін айтты.
E-ТРМК әртүрлі тізілімдер деректерін салыстыру арқылы объектілерді тұрақты мониторингілеу үшін қажетті екенін атап өткен жөн. Бұл өнімді өндіруден бастап іске асыруға/эксплуатациялауға дейін қадағалауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мониторинг жөніндегі ақпарат E-ТРМК-да, оның ішінде кері қайтарылған және алынған өнім бойынша орналастырылады. Тұтынушылар үшін тауарды теңестіре алатын, мобильді қосымшаны енгізу көзделуде.
Сонымен қатар сәйкестікті растау бойынша аудитор-сарапшыға сертификат беру, ҚР мемлекеттік рәміздері шығаруға лицензия беру, өлшеу құралдарының түрін бекіту туралы сертификат беру, өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру, сондай-ақ шет елдердің халықаралық, өңірлік стандарттарын 8 күннен 4 күнге дейін тіркеуге қою сияқты мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері 15 күннен 5 күнге дейін автоматтандырылды және қысқартылды.
Рұқсат ету құжаттарын беру және мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде арыз беруден бастап соңғы нәтижеге қол жеткізуге дейін арыздарды қадағалауды енгізе отырып, толық автоматтандыруға көшуді жүзеге асыру жоспарлануда.
Осылайша, техникалық реттеу және метрология саласындағы процестерді автоматтандыру 2 кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезеңде сол жүйенің өзегін әзірлей отырып, техникалық реттеу тізілімінің бірыңғай өзара байланыс базасын құру ұсынылады.
Екінші кезеңде электронды құжаттарды қалыптастыру мүмкіндігі бар қатысушылар үшін Оnline жұмыс кабинеттерін құру жоспарлануды, бұл арыз берушінің (жеке куәлік, тіркеу куәлігі, төлем туралы түбіртектің көшірмесі және т.б. сияқты) керексіз құжаттарын/деректерін ұсынуды азайтады.
Сонымен қатар, штрих-кодты, радиожиілікті сәйкестендіруді, қауіпсіздік маркерін есепке ала отырып, мобильдік қосымшалар түріндегі Оnline - сервисті әзірлеуде.
Мұның бәрі техникалық реттеу жүйесінің негізгі мақсатын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді – бұл жаңартылған жүйе арқылы субъектілер мен техникалық реттеу объектілерін мониторингілеу арқылы өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Осылайша, техникалық реттеу жүйесінің процестерін автоматтандыру бизнесті жүргізу және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ете отырып, жүйені тұтастай «қайта жүктеуге» мүмкіндік береді.