ӨСКЕМЕНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ ДАЙЫНДАУ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мамандары Қазақстан Республикасының рәміздерін, олардың бейнесі бар материалдық объектілерін өндіру, пайдалану және орналастыру Заңнамасын және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін жүзеге асыру үшін қабылданған нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру мақсатында «Дебют» ЖШС-де кездесу өткізді.
Онда жауапты тұлғалардың ҚР ұлттық стандартының және басқа нормативтік-құқықтық актілердің талаптары сақталуы үшін біліктілікті арттыруға бағытталған.
Кездесу нәтижесінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздердің бейнесі бар материалдық объектілерін өндіру мәселелері бойынша тиісті ұсыныстар беріліп, ақпараттық парақшалар берілді.