БҚО-ДА «ДОҢҒАЛАҚТЫ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ» ТАЛАПТАРЫ ҚАРАЛДЫ

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің БҚО департаментінде БҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының тіркеу-емтихан алу жұмыс бөлімінің және «ҰСжСО» АҚ БҚО филиалының өкілдерімен қызмет барысындағы жиын өтті.
Онда Кеден одағының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттің (КО ТР 018/2011) талаптары, атапай тқанда көлікқұралының конструкциясына өзгерістер енгізу кезінде көлік компоненттерінің сәйкестігін растауға қатысты техникалық талаптар талқыланды.
КО ТР 018/2011 сәйкес айналымға шығарылған кезде талаптарға сәйкестікті куәландыратын құжаттар:
- сәйкестікті бағалау типті мақұлдау түрінде жүргізілген көлік құралдары үшін – көлік құралының типін мақұлдау;
- шассиге - шасси типін мақұлдау;
- бірен-саран көлік құралдары үшін–көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік;
- көлік құралының компоненттеріне – сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты болып табылады.
Бұдан бөлек, көлік құралына газ баллонды құрылғыларды орнату мәселелері талқыланды.
Жиын соңында осы құжатты толық зерттеп, қайта талқылау жүргізу ұсынылды.