АЛМАТЫДА 32 ӨНІМНІҢ ТҮРІ НАҚТЫ САЛМАҒЫНА СӘЙКЕС КЕЛМЕЙДІ

2018 жылғы 18 ақпанында Алматы коммуникация Өңірлік қызметінің алаңында «Қазақстан Республикасы Инвестициялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» басшысы Капаев Сауыкбек және «Қазақстан метрология институты», «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» және «Ұлттық аккредиттеу орталығының» Алматы қаласының өкілдігі бағынысты кәсіпорындар басшыларымен қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті.
2017 жылдың қорытындысы бойынша 128 тексеру жүргізілгенін, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасын бұзу бойынша 71 факт орын алып, бұл тексерулердің 55% құрағанын Спикер атап өтті.
Тексерудің қорытындылары бойынша айналымнан 3381 бірлік өлшеу құралдарын қолдануға жарамсыз және массаға сәйкес келмейтін 32 партия өнімдерін сатуға тыйым салу туралы, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді.
Мемлекетік бақылаудың қорытындысы бойынша заң бұзушыларға жалпы сомасы 11 млн. 617 мың. 280 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі техникалық реттеу жүйесін жаңғырту бойынша елдің ішкі нарығын өнімдерден, оның ішінде техникалық регламенттерді бұзумен өндірілген азық-түлік өнімдерін қорғау мақсатындағы, бірқатар шаралар айтылды:
Техникалық реттеу жүйесін жетілдіруді 2 кезеңде жүргізу жоспарланып отыр:
- 1-ші кезең, 2018 жыл - стандарттау, метрология, аккредиттеу жүйесін жетілдіру;
- 2-ші кезең, 2019 жыл - мемлекеттік бақылау жүйесі мен сәйкестікті бағалау саласын жетілдіру.