РАБОЧАЯ ВСТРЕЧА В ФИЛИАЛЕ ТОО «ГЕЛИОС»

 РАБОЧАЯ ВСТРЕЧА В ФИЛИАЛЕ ТОО «ГЕЛИОС»

Ағымдағы жылдың 7 ақпанында техникалық реттеу және метрология комитетінің ШҚО бойынша департамент мамандары «Гелиос» ЖШС әкімшілігімен және қызметкерлерімен автокөліктерге жанармай құю станциясында өлшеу бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйе тізіліміне енгізу, метрологиялық аттестаттау және тексеруге қатысты Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы», «Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік нысан резервуарларын, мұнай өнімдерінің базасын және автокөліктерге жанармай құю станцияларын бақылау аспаптарымен жарақтандыру үшін талаптар мен ережелерді бекіту туралы» заңнамаларын түсіндіру, сондай-ақ күрделі мәселелерді талқылау мен оларды шешу мақсатымен жұмыстық кездесу өткізді. 

 

Жұмыстық кездесу барысында өнімнің көлемі мен тығыздығын өлшеу нәтижелері негізінде өлшеудің динамикалық әдісімен салмағы бойынша бақылау аспаптарымен жарақтандыру мұнай өнімдерін есепке алуға қатысты сұрақтар келіп түсті. Кездесу барысында туындаған барлық сұрақтарға департамент мамандары тарапынан толық жауап берілді.