ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДА КӘСІПОРЫНДАРДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕЛЕРІН ЕНГІЗУ БОЙЫНША САЛАЛЫҚ АЙМАҚТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

 ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДА КӘСІПОРЫНДАРДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕЛЕРІН ЕНГІЗУ БОЙЫНША САЛАЛЫҚ АЙМАҚТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

2018 жылғы 26 сәуірде Өскемен қаласында техникалық реттеу саласындағы кәсіби кадрларды даярлау бойынша аймақтық оқыту семинары өткізілді. Семинарға Шығыс Қазақстан облысының тамақ және өнеркәсіп саласының кәсіпорындарының өкілдері, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың өкілдері қатысты. Сондай-ақ семинарға Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚР Техникалық реттеу және метрология комитетінің қызметкерлері қатысты.

Шара ҚР ИДМ ТРжМК Қазақстан стандарттау институтының ұйымдастыруымен өтті. Семинардың мақсаты облыстың кәсіпорындарын техникалық реттеу және менеджмент жүйелері саласында біліктілігін арттыру болды.

Халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес техникалық реттеу және менеджмент жүйелері саласындағы қазақстандық кәсіпорындардың қызметкерлерінің кәсіптік құзыреттілігін арттыру және жақсарту, бұл іс жүзінде өндірісті жетілдіруде, жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін барлық қажетті құралдарды дұрыс және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Оқу қорытындысы бойынша семинар қатысушыларына сертификаттар берілді.