ТРМК АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ БІЛІМІ БОЙЫНША БАЙҚАУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

2018 жылғы 27 сәуірде «Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен ТРМК Ақмола облысы бойынша департаментінде «Түр мен талғам» атты ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты - қазақтың ұлттық ойындарын таныстыру арқылы тіл туралы мағлұматтарын арттыру, еліміздің тарихын білуге деген қызығушылықтарын арттыру болды.
Жарыс командалар арасында тіл туралы ойын форматында тапсырмалар мен сұрақтар қою арқылы, мақал-мәтелдер мен дана сөздер сайысы, танымал тұлғалар туралы ақпарат бойынша, музыкалық байқау түрінде өтті.
Сабақта 5 тыңдаушы белсене қатысты. Олар тіл туралы білімдерін, музыкалық қабілеттерін көрсетті.
Бұдан басқа сабақ барысында үлестірмелі қағаздар, тіл туралы нақыл сөздер, слайд қолданылды.