ТРМК СҚОД ӨНІМДІ БІРЫҢҒАЙ КАТАЛОГЫНА ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫСТАР БЕРДІ

Ағымдағы жылдың 2 шілдеде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтымен бірлесіп техникалық реттеу және метрология саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарын нақтылау мақсатында Тайынша ауданының Тайынша қаласындағы «Шахирис» ЖШС және «Краевский» ЖК кәсіпорындарда болып қайтты.
«Краевский» ЖК және «Шахирис» ЖШС бірыңғай кешен болып табылады, 2005 жылы құрылған. «Шахирис» ЖШС бірінші сорттағы тазартылған бидай ұнын өндеумен айналысады. Ұн Қазақстанда сатылып, Өзбекстанға және Ауғанстанға экспортталанады. Дермен күніне 100 тонна бидай өңдейді.
Кездесу қорытындысы бойынша бас маман – мемлекеттік қадағалау жөніндегі СҚО бойынша мемлекеттік инспекторы Екатерина Паршина өнімдерді Қазақстан Республикасының Бірыңғай каталогына енгізу, сапа менеджменті жүйесін енгізу, сондай-ақ органикалық өнімдерді өндіру бойынша ұсынымдар берді.